2023 жылғы 29 қазанда өткен Кербұлақ аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 29 қазанда өткен Кербұлақ аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2023 жылғы 29 қазанда № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Кербұлақ аудандық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 2073 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1523 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 22 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 2.

№ 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Кербұлақ аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Б.С. Есимов үшін сайлаушылардың 1259 дауысы берілді,

Е.У. Тажибаев үшін сайлаушылардың 196 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 44.

 

Сайлау қорытындысымен № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Кербұлақ аудандық мәслихаттың депутаты болып - Есимов Бақытбек Сансызбайұлы сайланды, 1962 жылы туған, «Дәурен» ШҚ-ның басшысы, Кербұлақ ауданы.

 

 

Кербұлақ аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
30 октября 2023