Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Кербұлақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы шешімінің тақырыбы мен қағидаларындағы «Мүгедектер» деген сөз «Мүгедектігі бар балалар» деген сөздермен ауыстырылсын, жаңа редакцияда баяндалсын.
«1. Осы Кербұлақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген, «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 «Әлеуметтік - еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30712 болып тіркелген) бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес әзірленді.».
көрсетілген шешімнің қосымшасының 4-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берген айдан бастап дәрігерлік - консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін жүргізіледі.».
көрсетілген шешімнің қосымшасының 7-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. Мүгедектігі бар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін қажетті құжаттар, шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасындағы белгіленген тізбіге сәйкес ұсынылады, ал қандастар үшін қандас куәлігі-жеке бастың идентификациясы.».
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |