Кербұлақ ауданының 2020 жылдың қаңтар - наурыз айларының әлеуметтік - экономикалық дамуының қорытындылары және 2-ші тоқсанға арналған міндеттері туралы анықтама

Ауданда  2020 жылдың  қаңтар - наурыз айлары аралығында дағдарысқа қарамастан әлеуметтік - экономикалық дамуында оң серпін байқалды. Ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында инвестицияны санамағанда негізгі индикаторлар бойынша өсім қамтамасыз етілді.

Өнеркәсіптің дамуы бойынша ауданда 7 орта және кіші кәсіпорындар жұмыс істеуде. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі осы кезеңге 910 млн теңгені құрап, нақты көлем индексі 100% құрады. Облыстағы үлесі- 0,4 пайыз.

Аудандашағын және орта кәсіпкерлік бойынша 2020 жылдың қаңтар – наурыз айларында 3 мың 287 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде шағын кәсіпорындары 108, жеке кәсіпкерлер 1148, ауылшаруашылық саласында 2 мың 36 нысандар жұмыс атқаруда. Бүгінгі күні кәсіпкерлікте 13 мың 380 адамжұмысістейді, олардыңорташажалақысы 82 мың 400 теңге (ауданда 115 мың 961 теңге). Есепті мерзімде ауданның барлық деңгейдегі бизнес секторында 2млрд 5 млн теңгенің өнімі өндіріліп,қызметі көрсетілді. Бюджет төлемдері 165 млн теңгеніқұрап, өткенжылдан 24%-ға немесе 32 млн теңгеге өсті. Жергілікті бюджеттегі үлесі 38%. 2020 жылдың 1 – тоқсанға инвестицияның негізгі капиталы 414 млн теңгені құрады(нақтыкөлем индексі 8,4%). Облыстағы үлесі 0,5пайыз. Ала Цем ЖШС-нің цемент зауытының құрлыс жұмыстарының азаюына байланысты инвестиция көлемі кеміді.

Бөлшек тауар  айналымы 950 млн теңгеге жетті. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 95 млн теңгеге немесе 11,1 пайызға өсті. Нақты көлем индексі 103,9%құрады.

Ауылшаруашылық саласы

Ауылшаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2 млрд 802 млн теңгені құрады немесе 63 млн теңгеге артық орындалды, нақты көлем индексі 103,7%. Облыстағы үлесі3,2%. Оның ішінде: ет өнімі 1721 тоннаға немесе 101,3%-ға, сүт 7 мың 646 тоннаға немесе 101,7%, жұмыртқа 1 млн 330 мың дана немесе 102,2 пайызға орындалды. Аймақта 9 мал бордақылау алаңымен 7 тауарлы сүт фермасы жұмыс жасайды. Асыл тұқымды ірі қара малын өсірумен 21 шаруа қожалығы, қой малын өсірумен 3 шаруа қожалығы айналысуда. Оларда тиісінше 1339 бас асыл тұқымды ірі қара, 3 мың бас асыл тұқымды қойбағылуда. 126 мың 102 га егістік  жер, 376 мың 461 га жайылым, 6 мың 461 га шабындық жер электрондық картаға енгізіліп жоспар 100 пайызға орындалды. 2020 жылы егістік жер көлемі 112 мың 909 гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 907 гектарға көбейеді деп көзделуде. Оның ішінде: дәнді дақылдар 93 мың 381 гектарға жетіп (оның ішінде күздік 26 мың 85 га), 4 мың 959 гектарға артады. Майлы дақылдар 5 мың 89 га, қантқызылшасы 267 га, картоп 2 мың 640 га, көкөніс 501 га, бақшалық дақылдар 68 га, мал азығыдық дақылдар 10 мың 963 гектар жерге себіледі деп жоспарлануда. Бүгінгі күнге 52мың 930 гектар дәнді дақыл, 3 мың 950 га майлы дақылдар, 267 га қантқызылшасы, 800 га картоп себілді.

Құрлыс жұмыстарының көлемі 342 млн теңге немесе 101,2% орындалды. 2020 жылы есепті кезеңде 1658 шаршы метр  тұрғын үй іске қосылып, нақты көлем индексі 108,7 пайызды құрады. Қосағаш ауылындағы 80 орындық мектептің құрлысына 2-ші траншпен 557 млн 592 мың теңгебөлінді. Мемлекеттік сатып алудың ашық конкурс порталына беруге «Өнер» мектебіне 10 млн теңге, Сарыөзек ауылындағы 50 тұрғын үйдің құрлысына 50 млн теңге қаржыбөлінді.

Салық бойынша

Бюджетке түсетін салықтармен басқада міндетті төлемдер 602 млн теңгені құрап, жоспар 139% орындалды. Республикалық бюджетке 174 млн 422 мың теңге түсті немесе 94% орындалды, жергілікті бюджетке түскен түсім 427 млн теңге немесе 173%. Меншікті кіріс 232 млн теңге 168% құрады. Жалпы алғанда  бюджет төлемдері өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 157 млн 487 мың теңгеге немесе 35% өсті. Ауданның шығыстар бойынша бюджеті 99% орындалды.

Әлеуметтіксала

Төтенше жағдай кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемге ең төменгі жалақы мөлшерінің (42 мың 500 теңге) көлемінде жүзеге асырылатын жеке және заңды тұлғалардан 1-ші тоқсанда 106 өтініш түсті. Оның ішінде құжаттарыдұрыс деп табылған 53 заңды тұлғаның және 22 жеке тұлға. Есепті кезеңге 312 отбасы 1686 адамға 28 млн 181 мың теңге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2020 жылға әлеуметтік кепілдендірілген топтама беруге 41 млн 121 мың теңге жоспарланып, 3 жасқа дейінгі 106 балаға, 3-6 жасқа дейінгі 145, барлығы 251 балаға қаңтар айының топтамасы берілді. 7 мың 981 адамның 7 мың 589-ы өзектендіріліп, 95 %құрады. Қалған 392 адаммен жұмыстар жүргізілуде. Жоспардағы 722 адамның орнына 3 мың 371 адамның бірыңғай жиынтық төлемі(ЕСП)орындалып, 196% құрады. 2020 жылға 1824 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Қаңтар - наурыз айларында «Өңірлерді дамыту 2020», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы», «Аграрлық кешенді дамыту», «Жеке бастамалар», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламалар арқылы 334 жұмыс орны (2019-326) құрылды. Шұбар, Талдыбұлақ, Сарыбұлақ, Алтынемел, Қарашоқы, Қаспан, Сарыбастау ауылдарында жұмысқа орналастыру жоспары орындалған жоқ. Сонымен қатар260 адам өтініш білдірсе (2019 ж - 260), оның ішінде 212 адам жұмысқа орналасқан (2019 ж 181) немесе 81,5% (2019ж. 70%). Аталған іс - шаралар жұмыссыздық деңгейін 4,7%-ы ұстауға мүмкіндік берді (облыстық деңгей 4,7%). Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 50 адамды оқыту жоспарланып, 2-ші бағыты бойынша, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қорына» несие алуға 5-адамға тапсырыс берілгенімен, жобаларыөтпеді. 3-ші бағыты бойынша 25 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберіліп, бұл мақсатқа 5 млн 359 мың теңге бөлінді. Қоғамдық жұмысқа 102 адам тартылып, жастар практикасына 5 жас маман алынды. «Жас кәсіпкер» бағдарламасыаясында 14-29 жас аралығындағы жастарға бөлінген 9 млн 808 мың теңге қайтарылмайтын грантты (1- адамға 530 мың тг) 2 адам 1 млн 60 мың теңге иеленді.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы саласы

Сарыөзек ауылының кәріз жүйесінің құрлысын жобалау жұмыстарына (2- ші кезек) 66 млн 343 мың теңге бөлінді. Кәріз жүйесінің 2019 жылы аяқталмай қалған жұмыстарын орындауға қосымша 32 млн 817 мың теңге бөлінді. 2020 жылы Талдыбұлақ, Аралтөбе, Шаған, Шилісу, Қарашоқы ауылдарының су жүйесін жаңғырту жобалау сметалық құжатынәзірлеуге қосымша 51 млн 483 мың теңге бөлінді. Көксу, Жайнақ батыр ауылдары көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнатуға 133 млн 300 мың теңге бөлінді. Басши, Шұбар, Сарыбастау, Қаспан ауылдары бойынша түнгі көше шамдарын орнату жобалау жұмыстарына 4 млн 816 мың теңге бөлінді. Самен батырдың ескерткішін абаттандыруға 122 млн 684 мың теңге бөлініп, құрлысы басталды. Шанханай ауылының орталық көшелерін абаттандыруға 42 млн теңге бөлініп, мердігермен келісім шарт әзірленді. Сарыөзек, Басши, Қоянкөз ауылдарының ҰлыОтан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткішті абаттандыруға 4 млн 400 мың теңге бөлініп, аяқталды. Ауданның коммуналдық қызметіне арнайы техника сатып алуға 34 млн теңге бөлініп, жұмыс конкурстық комиссиядан өтуде. Сарыөзек, Қоғалы, Шанханай ауылдарының түнгі көше шамдарына техникалық қызметкөрсетуге және ағымдағы жөндеуге 24 млн 654 мың теңге бөлінді.

Автомобиль жолдары

2020 жылы Шаған ауылының кірме жолын аяқтауға 101 млн 608 мың теңге, Беріктас ауылының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 30 млн теңге, Рудник Архарлы ауылының кірме жолын жөндеуге 100 млн теңге, Ақбастау ауылының кірме жолын орташа жөндеуге 56 млн 900 мың теңге, Сарыбастау ауылының кірме жолын орташа жөндеуге 15 млн 700 мың теңге, Басши ауылының ішкі жолдарын жөндеуге 79 млн 389 мың теңге, Сарыбұлақ, Шилісу, Қазынсу ауылдарының ішкі көшелерін орташа  жөндеуге 167 млн 539 мың теңге бөлініп, жұмысты атқарушы мердігерлер анықталды. Облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшісі арқылы Сарыөзек - Көктал- Қоғалы- Көксу- Қарабұлақ тас жолының Талдыбұлақ ауылына кірме жолына 124 млн 933 мың теңге бөлініп, құрлыс жұмыстары басталды. Сол сияқты Сарыөзек - Көктал- Қоғалы- Көксу - Қарабұлақ тас жолының Онжас ауылына кірме жолға 306 млн 725 мың теңге бөлініп, мердігерлер анықталды.

 

«Ауыл - Ел бесігі жобасы аясында елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік ифраструктурасының іс-шараларын жүзеге асыруға облыстық бюджетке берілген мақсатты ағымдағы трансферттер» арқылы 8-жоба бойынша 2 млрд 340 млн теңге бөлінді. Оның ішінде білім саласы бойынша: Дутов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуге 138 млн теңге, Сарыбұлақ орта мектебін күрделі жөндеуге 450 млн теңге, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті күрделі жөндеуге 376 млн теңге бөлінді. Мәдениет саласы; Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуге 350 млн теңгеқарастырылды.Жол бойынша: Қоғалыауылының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 199 млн 588 мың, Қарағаш ауылының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 74 млн 958 мың теңге, Сарыөзек ауылының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 391 млн 354 мың теңгеқаржы бөлінді. Абаттандыру: Сарыөзек ауылының көшелеріне түнгі жарықтандыру шамдарын орнатуға қосымша 359 млн 522 мың теңге болінді.

 

«Жұмыспен қамту Жол картасы» арқылы 53 жоба бойынша 2 млрд 620 млн теңге алынды.Оның ішінде білім саласы: Сарыбастау орта мектебін күрделі жөндеуге 551 млн теңге, 35 мектептің ішкі дәретханаларын ағымдағы жөндеуге 134 млн 267 мың теңге бөлінді.Спорт нысандары: Қоғалы ауылының орталық стадионын ағымдағы жөндеуге 58 млн 190 мың теңге, Туризм нысандары бойынша: «Алтынемел» Мемлекеттік Ұлттық Табиғат Паркі аумағының санитарлық - гигиеналық құрылымынқайтақұруға 48 млн теңге,Тұрғынүй коммуналдық шаруашылық нысандары бойынша: Доланалы ауылының су жүйесінің құрлысына 184 млн 530 мың теңге, Онжас ауылының су жүйесінің құрлысына 221 млн 187 мың теңге, Инженерлік - транспорт инфрақұрылымдары нысандары бойынша:Алтынемел, Тастыбастау, Қызылмектеп, Қарлығаш, Байғазы ауылдарының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 316 млн 401 мың теңге, Сарыбастау, Малайсары ауылдарының ішкі көше жолдарын орташа жөндеуге 176 млн 731 мың теңге, Байғазы ауылының кірме жолын орташа  жөндеуге 122 млн 344 мың теңге, Көкбастау ауылының кірме жолына 77 млн 302 мың теңге, Сайлыкөл ауылының кірме жолына 65 млн 249 мың теңге, Шилісу ауылының кірме жолына 128 млн683 мың теңге, Күреңбел ауылының кірме жолын орташа жөндеуге 180 млн 378 мың теңге қарастырылды.

Елді мекендерді абаттандыру:

Қарашоқыауылыныңтүнгі көше шамдарын орнатуға 136 млн 674 мың теңге, 866 данаСарыөзек ауылындағы түнгі көше шамдарын диодты шамдармен ауыстыруға 64 млн 950 мың теңге, Қоғалы ауылының түнгі көше шамдарын орнатуға 79 млн 573 мың теңге, Қоғалы ауылының жастар паркін абаттандыруға және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіштердіағымдағы жөндеуге48 млн 600 мың теңге, Қызылжар ауылындағыҰлы Отан соғысы ардагерлеріне орнатылған ескерткіштерін ағымдағы жөндеуге 7 млн 447 мың теңге, спорт алаңдарын абаттандыру:Қоғалы ауылында шағын футбол алаңымен балалардың спорт алаңшаларының құрлысына 19 млн 13 мың теңгебөлінді. Сарыөзекке кіре берістегі айналма жодағы «Стелланың» жобалау жұмыстары аяқталды, құрлыстың 72 млн 608 мың теңге.

Білім саласы

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңның 44-бабы, 5-тармақшасына сәйкес білім беру мекемелеріндегі басшылармен, педагогикалық кадрлардың аттестациядаан өтуі пандемияға байланысты уақытша тоқтатылды. Ауданда жалпыға бірдей білім беру мекемелерінде 1611 педагог қызмет атқарады. Ал мектепке дейінгі мекемелерде(бала бақшаларда) 152 педагог жұмыс істейді. Осыны ескере келе ағымдағы жылы наурыз айындағы мәслихатпен қосымша №49 орта мектептің жобасына 5 млн 861 мың теңге, Талдыбұлақ ауылындағы қала сыртындағы оқушылар дем алатын лагерьдің жобасына 9 млн 969 мың теңге қаржы босатылды. 2019-2020 оқу жылын 459 түлек аяқтайды. Маусым айында өтетін ҰБТ-ға 346 мектеп бітіруші қатысу жоспарлануда «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеуге Аралтөбе ОМ – 19млн 284 мың теңге, Шилісу НМ - 8 млн 562 мың теңге, Водный бастауыш мектебіне – 11 млн 650 мың теңге қаржы бөлінді.

Денсаулық сақтау және төтенше жағдай

Ауданымызда 2020 жылы бруцеллез ауруы тіркелмеді, тыныс алу жолдарының туберкулезі -3, 100 тұрғынға шаққандағы көрсеткіш - 6,59. Жіті вирустық гепатиттер тіркелген жоқ. Ағымдағы жылы есепті мерзімде 162 сәби дүниеге келді. Осы кезең ішінде 1 сәби шетінеп көрсеткіш өткен жылдың көлемінде қалды. Ана өлімі жоқ. 2018 жылы 14 млн теңге бөлініп, аусымына 250 адам қабылдайтын Поликлиниканың құрлысын жобалау жұмыстары басталды. Жоба сараптамада, тапсырыс беруші Облыстық құрлысбасқармасы. 2019 жылы 20 млн теңге бөлініп жұқпалы аурулар қабылдайтын ғимараттың және асхананың Блок «Б» ғимаратын күрделі жөндеу жобалау жұмыстары басталды. Сонымен қатар 17 млн теңге бөлініп, Орталық аурухананы күрделі жөндеу жобалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл үш нысан бойынша тапсырыс беруші облыстық денсаулық сақтау басқармасы. Кербұлақ ауданы әкімінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 26-о Өкімімен Дағдарысқа қарсы ведомствоаралық жедел штаб құрылды. Қазіргі таңда короновирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында ауданымызда біраз іс-шаралар атқарылуда. Атап айтқанда, аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінен 35 орындық провизорлық госпиталь ашылды. Балалармен жасөспірімдер спорт мектебіне ауырған науқастармен қарым қатынаста болған адамдарды жатқызуға арналған 250 орындық обсервациялық госпиталь дайындалып, қазіргі уақытта 200 төсек қорымен жабдықталды.

Қылмыс

Аудан көлемінде қылмыстардың тіркелуі барлық салалар бойынша 36,6 пайызға (112-ден 71-ке) төмендеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар 6-дан 10-ға  Ауыр және аса ауыр қылмыстарының ашылуы 16,7 пайызға төмендеген.

Дата публикации
19 июня 2020