Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізілетін конкурсқа шығарылатын жер учаскелері туралы

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың мерзімі, бұған дейін өткізілген конкурста жер пайдаланушының өз еркімен Шанханай ауылдық округінде орналасқан жер учаскесінен бас тартуына байланысты қайта ұзартылды.   

Осыған байланысты Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің  43-1 бабының 2 тармағы, 6 тармағы және 48 бабы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізілетін конкурс 2023 жылдың 30 наурызында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданы әкімдігінің ғимаратында жабық түрде өткізіледі.         

 Конвертерді ашылуы сағат 10:00-ден басталады. Өтінімдерді 2023 жылдың наурыз айының 13-29  аралығында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданының әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің» №10 кабинетінде қабылданады.

Өтінімдердің соңғы қабылдау күні 2023 жылдың 29 наурызы сағат 18:00-ға дейін.

Дата публикации
27 февраля 2023