Жетісу облысының Кербұлақ ауданында Қаспан ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2023 жылғы    12 ақпанда  Қаспан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді.

2023 жылғы 04 қаңтарда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 12 ақпанына Қаспан ауылдық округі әкімінің  сайлауын тағайындады. Сайлау тағайындау және сайлау округтерін құру туралы қаулылар, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары, аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы және сайлау учаскелерінің шекаралары аудан әкімдігінің сайтының «Сайлау» парақшасында орналастырылған және аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде жарияланды.

Барлығы сайлауда 1 аумақтық және 5 учаскелік сайлау комиссиялары, 32 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Округ бойынша сайлаушылар саны 1243  адам.

2023 жылдың 04 қаңтарынан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудан әкіміне тиесілі.

2023 жылдың 13  қаңтарындағы жағдай бойынша 3 кандидат ұсынылды: 1 – «Amanat» партиясынан, 2 - өзін-өзі ұсыну жолымен.  Барлық үміткерлер МҚЖА біліктілік талаптарына сәйкес келеді.                  Қаспан ауылдық округі әкімдігіне кандидаттар ұсыну 2023 жылдың  17 қаңтарында сағат 18-00 ге дейін жалғасады. Қаспан ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі 2023 жылғы 22 қаңтар күні сағат 18-00 де аяқталады.

Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
13 января 2023