Ағымдағы жылдың 18 ақпанында аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жобасы талқыланды

Іс шараға аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшелері, бөлім басшылары қатысты.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлыққа назар аударылғандығы, әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша парақорлықтың үлкен үлесі тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты екені де атап өтілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайларының алдын алу мақсатында, әр бөлім өз қызметкерлерімен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"  Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын түсіндіру жөнінде кеңестер өткізіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер енгізіп, қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу бөлігінде Заңның мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет екендігі айтылды.    

Дата публикации
25 февраля 2022