On approval of the list of professions in demand for specialists in the field of Health, Education, Social Security, Culture, Sports and agro-industrial complex, civil servants of the offices of mayors of villages, settlements, rural districts who have arrived to work and live in rural localities

Кербұлақ ауданы әкімдігінің қаулы жобасы

Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері бойынша сұранысқа ие мамандықтардың тізбесін бекіту туралы

 

 

Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
6 қарашадағы №72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 72 бұйрығына сәйкес,  Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кербұлақ ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне келесі әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асуру үшін 2022 жылға қажетті мамандардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бекітілген тізімге сәйкес жүзеге асырылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Досалбаевқа жүктелсін.   

Лауазымы                                                                 Аты-жөні

 

 

 

Дата публикации
10 января 2022