«Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 371қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін, бюджетаралық қатынастарды жетілдіру, кредиттеу және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы
27 желтоқсандағы Заңына, «Құқықтық актілер туралы»  «Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 желтоқсандағы
    № 371 «Кербұлақ ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5312 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
    Е. С. Досалбаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылдың
    1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
28 июля 2021