Алматы облысының Кербұлақ ауданында
ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылы 25 шілдеде төрт сайлау округ бойынша Кербұлақ ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, ауылдық округтер әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары сайлау нәтижелерін анықтады:
Басши сайлау округі
Басши ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1656 азамат енгізілді, оның 1488-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда - 10.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Иманбеков Б.А. - 1045; Қатжанов Ж.М. - 18; Самылтыров Е.А. - 396.
Басши ауылдық округінің сайланған әкімі Иманбеков Бақыт Әлібекұлы, 1960 ж.т., Басши ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Басши ауылдық округі, Басши ауылында тұрады, өзі – өзі ұсынған.
Жоламан сайлау округі
Жоламан ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1163 азамат енгізілді, оның 1045-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда - 22.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Баубеков Б.Т. - 31; Молдахметов Д.Ш. - 13; Нуспеков Д.М. – 979.
Жоламан ауылдық округінің сайланған әкімі Нүспеков Дәулет Мұратбекұлы, 1966 жылы туған, Жоламан ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округінің Жоламан ауылында тұрады, «Нұр Отан» саяси партиясы ұсынған.
Қызылжар сайлау округі
Қызылжар ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 1128 азамат енгізілді, оның 1131-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда - 21.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Бекежанов Е.А. - 60; Дауренбеков Д.Ш. - 35; Қаспанов А.Ә. –1010.
Қызылжар ауылдық округінің сайланған әкімі Қаспанов Азамат Әкімұлы, 1968 жылы туған, Қызылжар ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылында тұрады, «Нұр Отан» саяси партиясы ұсынған.
Сарыөзек сайлау округі
Сарыөзек ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:
Округ бойынша сайлаушылар тізіміне 9908 азамат енгізілді, оның 3293-і дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдер саны - 0, «бәріне қарсы» деген жолда - 32.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Әденов Е.К. - 112; Сансызбаев Е.А. - 652; Тұрсынбаев Б.Е. –2444.
Сарыозек ауылдық округінің сайланған әкімі Тұрсынбаев Батырхан Ешметұлы, 1962 жылы туған, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі, Алматы облысы Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек ауылында тұрады, «Нұр Отан» саяси партиясы ұсынған.
Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі шешімімен сайланған Кербұлақ ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін 2021 жылғы 25 шілдеде тіркеді. Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы
Алматы облысының Кербұлақ ауданында
ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылы 25 шілдеде төрт округ бойынша ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті.
13955 азамат сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізіміне енгізілді, оның ішінде 6957 (49,9%) дауыс беруге қатысты.
Әкімге үміткерлер саны - 12 адам.
Барлық 4 округте әкімдер сайланды.
Оның ішінде үсынған:
«Нұр Отан» саяси партиясы - 3 адам,
«Ауыл» халықтық-саяси патриоттық партиясы - 1 адам,
Өзін-өзі ұсыну бойынша - 8 адам.
Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы