Кербұлақ ауданының бірыңғай сәулеттік келбетін беруге бағытталған көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

Кербұлақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының  31 бабының
1 тармағының 16-5) тармақшасына,
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
16 шілдедегі Заңына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кербұлақ ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі ісшараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларыосы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары Н.Әденовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанкүнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
19 апреля 2021