Кербұлақ ауданы Басши және Сарыөзек ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Кербұлақ ауданы Басши және Сарыөзек ауылдық округтері  әкімдерінің  сайлауын

тағайындау туралы

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін  өзі басқару» Заңының 36-1 бабының 10 тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық   сайлау комиссиясы  Қ А У Л Ы    Е Т Т І :

  1. Кербұлақ ауданының Басши және Сарыоөзек  ауылдық  округтері  әкімдерінің  сайлауы  2021  жылғы  17 мамырына  тағайындалсын.
  2. Кербұлақ ауданының Басши және Сарыоөзек  ауылдық  округтері  әкімдерінің  сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде жариялансын.
Дата публикации
19 апреля 2021