Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің 2020 жылы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат.

 

          Жол жағдайы – ерте заманнан маңыздылығын жоғалтпай келе жатқан мәселенің бірі. Кербұлақ ауданы әкімінің маңызды мәселелер қатарында болған жол мәселесі 2020 жылы шешілді. Талдыбұлақ ауылының 2000 метр кіре-беріс жолы күрделі жөндеуден өтті. «Жол қадірін жүрген біледі» деген мақал да оның машақатын түсінгендер тарапынан айтылса керек. Қазіргі таңда кіре-беріс жол округ тұрғындары және қонақтарына қолдануға ұсынылып, жұмыс атқаруда.

        2020 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округінің ауылдық мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтті. Концерт залының едені, электр жарықтандыру жүйесі толығымен ауыстырылып, халық игілігіне тапсырылды. Бұл мәдениет үйі 1985 жылдан қызмет атқаруда, 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, техникалық базасымен толықтырылды.

      2020 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы Талдыбұлақ ауылдық округі талдыбұлақ ауылының Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы «Ауылым алтын бесігім» атты бағдарлама арқылы күрделі жөндеуден өтті. Аталған мектеп 1963 жылдан бастап қызмет атқарады, жөндеу жұмыстары 2000 жылы өткізілген. Қазіргі таңда мектеп техникалық базамен толықтырылды.

 

Дата публикации
26 февраля 2021