2021жылдың қаңтар айының қорытындысына сәйкес ауданда 3312 кіші және орта кәсіпкерлік субьектілері қызмет етеді. Оның ішінде 2164 шаруа қожалықтары, 1021 жеке кәсіпкер және 127 заңды тұлғалар, осы кәсіпорындарда 5660 адам еңбек етуде.
Жоғарыда аталған кәсіпорындармен 2 млрд. теңгеге қызмет көрсетіп, 2020 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 101,5 % құрап отыр.
Өнеркәсіп саласы бойынша, 2021 жылдың қаңтар айында аудан бойынша өндірген өнім көлемі 532 млн. 400 мың теңгені құрап, нақты көлем индексі 146,2 % орындалып отыр.
Аудан көлемінде 2021 жылдың қаңтар айында 299 млн. 100 мың теңге инвестициця тартылған, ал тауар айналымы 326 млн. тенгені құрап отыр.
2021 жылға өнерәсіптік өнімнің ұлғайыуына өз үлесін қосатын кәсіпорыдардың бірі, ірі инвестициялық жоба, қуаттылығы жылына 1,2 млн. тонна цемент өндіретін «Алацем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарын аяқтады, аталмыш зауыт 2016 жылдың ақпан айында индустрияландыру картасына енгізілді.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әр-түрлі бағыттағы жобалар облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорына үнемі ұсынылып отырады. Аталған бағдарлама аясында 2020 жылы 12 кәсіпкерге 460 млн. 283 мың теңге несие беріліп қолдау көрсетілді.