Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округінің Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетінің орындалу есебіне
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
"Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне 2020 жылға арналған бюджеттік бағдарлама бойынша Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруда елді мекендерді жайластыру мәселелерін шешу үшін іс-шараларды іске асыруға аудандық бюджет қаражаты есебінен 11536,0 мың теңге бөлінді. Осы бағытта "ашық конкурс" тәсілімен мемлекеттік сатып алу порталы арқылы Басши ауылдық округі әкімінің аппаратымен "Алматы облысы Кербұлақ ауданы Ақтөбе ауылы, Мектеп көшесі 1а мекен-жайындағы Аралтөбе орта мектебінің ғимаратына ағымдағы жөндеу"жүргізілді. Осы нысан бойынша "АЯКС-78" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орындаушыларымен 11536,0 мың теңге сомасына БСН 070340018461 шарт жасалды. Жұмыс 2020 жылдың сәуірінде басталып, Шартқа сәйкес 2020 жылдың маусымында аяқталды. 2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.