Кербұлақ ауданы Қаспан ауылдық округінің Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджетінің орындалу есебіне ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қаспан ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10636,0 мың теңге қаражат бөлінді.
Осы бағытта Қаспан ауылдық округі әкімі аппараты мелекеттік сатып алу арқылы «Біліктіліктіалдын ала іріктеу мен жүргізілетін конкурс» «Алматы облысы Кербұлақ ауданы Каспан ауылдық округінің Қайнарлы шағын жинақты бастауыш мектебін ағымдағы жөндеу» жүргізді. Аталған нысан бойынша,орындаушы "Ас-Сапа ҚҰРЫЛЫС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен БИН110340006844 соммасы 10636,0 мың теңгеге келісім шарт жасасты. Жұмыс 2020 жылдың маусым айында басталып, шартқа сәйкес 2020 жылдың қазан айында аяқталды.
2021 жылғы 01 қаңтарға осы бағытта бөлінген бюджет қаражаты толық игерілді.
Қосымша : орындалған жұмыстар актісі мен жұмысты қабылдап алу актісі түсіндірме жазбамен бірге салынды.