Кербұлақ ауданы бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2020 жылдың ІV тоқсаны)

Кербұлақ ауданы бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама

(2020 жылдың ІV тоқсаны)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы                          № 78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте қызметтің 84 түрінен жалпы – 2001 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлға–1842, заңды тұлға–159. Көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны (12.1)–0 ешқандай қызмет көрсетілмеген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны (12.2)–159, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны (12.3)–613, электрондық түрде ("электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz)–394, Мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО)–835.        

Қызметті көрсетуден бас тартылғандар ІV -тоқсанда–149.(13)

Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ. (14)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.(16)

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 44а-ө өкімімен 2020 жылы мемлекеттік органдар, ведомствалық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шараларының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген. Есепті кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес                   6 ішкі бақылау іс-шарасы (1) жүргізілді. 6 –да ведомствалық бағынысты ұйым.

Ішкі бақылау іс-шаралары нәтижелеріне сәйкес 4 заң бұзу фактілері анықталды.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, әкімдікке қарасты бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты мамандарымен Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 3-тоқсанында 28 іс-шаралар (21) (Zoom бағдарламасы арқылы онлайн түсіндірме іс-шарасы, «QYZMET LIVE» және «Egov жаршысы» жобалары) ұйымдастырылды және  жергілікті «Кербұлақ жұлдызы» газетіне 27 мақала жарияланды. Барлығы 7736 адам қатысты (22).

 Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен-7 адам. (23)

 

Аудан әкімі аппаратының

басшысы                                                                                    М.Әлдибек

 

@А.Тлеуберлина

((872842) 96-0-01

Дата публикации
30 декабря 2020