Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы № 27-213 «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» және Кербұлақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 тамыздағы № 27-213 «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 27-213 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылдың 28 сәуірінде №35-276 шешімдері жойылсын.
- 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- 4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Кербұлақ аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Бекиев
|
|