Кербұлақ ауданы Жоламан ауылдық округі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2024 жылдың IІІ тоқсанына)

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша 6 /алты/ мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді.
Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2024 жылдың IІІ тоқсаны бойынша–0.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Округ әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты маманның ұйымдастыруымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2024 жылдың IІІ тоқсанында 4 іс-шаралар (Жеке қабылдау т.б.) ұйымдастырылды. Іс-шараға шілде айында -22 адам, тамыз айында- 26 адам, қыркүйек айында- 18 адам қатысты.
Жалпы іс-шарамен 66 адам қамтылды.

Дата публикации
04 октября 2024