GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 октября 2026
eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында мемлекеттік шекараны кесіп өту туралы анықтама қолжетімді

eGov.kz порталының және eGov Mobile мобильді қосымшасының пайдаланушылары енді таңдалған кезең бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту фактілері туралы анықтаманы онлайн түрде ала алады. Құжат электрондық форматта қалыптастырылады және Жеке кабинеттен жүктеп алуға қолжетімді.

Анықтамада ақпараттық жүйеде көзделген шекараны кесіп өту күні мен уақыты, маршруты, қозғалыс бағыты, рейс және көлік құралының нөмірі, кірген немесе шыққан елі және өткізу пункті туралы мәліметтер көрсетіледі.

eGov.kz порталында анықтама алу үшін пайдаланушыға:

  • eGov.kz порталында авторизациядан өту;
  • «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру» қызметін таңдау;
  • анықтаманың кімге рәсімделетінін көрсету: «Өзіне», «Кәмелетке толмаған балаға» немесе «Заңды өкіл (әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толғанғандарға)»;
  • мәліметтер қажет болатын уақыт аралығын көрсету;
  • «Қол қою және анықтаманы алу» батырмасын басу;
  • өтінішке қолжетімді тәсілдердің бірімен қол қою қажет.

Өңдеу аяқталғаннан кейін электрондық анықтама eGov.kz порталындағы «Менің профилім – Жеке кабинет» бөлімінде қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Егер көрсетілген кезеңде шекарадан өткені туралы мәліметтер болмаса, ол жайлы да анықтамада көрсетіледі. Сұрауды 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қазіргі күнге дейінгі уақыт аралыңына қалыптастыруға болады, бұл ретте таңдалған кезең үш айдан аспауы тиіс. Қызмет көрсету мерзімі – 15 минутқа дейін.

eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы анықтаманы алу үшін ұқсас қадамдар орындалады: «Басты бет» бөлімінде «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан кесіп өту туралы анықтама беру» қызметін таңдау қажет.

Қызмет ЖСН бар болған жағдайда ҚР азаматтарына қолжетімді және тегін көрсетіледі. Шетел азаматтары үшін ҚР Мемлекеттік шекарасынан өткені туралы анықтаманы QazETA порталы арқылы алуға болады.

Анықтаманы өзіне, кәмелетке толмаған балаға, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда өтініш беруші оның заңды өкілі болып табылатын әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға рәсімдеуге болады. Анықтаманы балаға рәсімдеу кезінде ол туралы мәліметтер азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының (АХАТ) ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде автоматты түрде жүктеледі.

Анықтама смартфонды немесе планшетті шетелден өздігінен әкеліп, оны Қазақстан операторларының желілерінде жеке пайдалану үшін IMEI-кодын тіркейтін азаматтарға да қажет болуы мүмкін.

Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамға, қорғаншылықтағы әрекетке қабілетсіз балаға анықтаманы рәсімдеу кезінде пайдаланушыға ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректер негізінде қалыптастырылған тізімнен тиісті адамды таңдау мүмкіндігі беріледі.

Қызмет шекарадан өту фактілерін ресми түрде растау процесін жеңілдетеді. Анықтама мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде автоматты түрде қалыптастырылады, электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және заңды күші бар. Бұл азаматтар үшін құжатты алу процесін жылдам, ыңғайлы әрі ашық етеді.

Аталған қызмет ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірлескен жұмысының нәтижесінде әзірленді.

08 сентября 2026
«Ауыл аманаты»: биыл Жетісуда 400-ге жуық жобаны іске асыру жоспарланған

Биыл Жетісу облысы бойынша «Ауыл аманаты» жобасы аясында шамамен 400 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар өткен жылдың 225 жобасын қаржыландыруға қаражат бөлінген. Бұл әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған кешенді даму жоспары мәселесі талқыланған облыс әкімдігінің отырысында хабарланды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Өңірде ауылдық аумақтарды дамыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Біз елді мекендерде тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салдық, газ тарттық, жолдарды жөндедік, бұл жұмыстарды ары қарай да жалғастырамыз.  Жалпы, ауыл халқының тұрмыс жағдайы – аграрлық өңіріміздің дамуы үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Осы тұрғыда «Ауыл аманаты» жобасы үлкен көмек болып отыр. Қажетті қаражат бөлінді, енді берілген мүмкіндіктерді тиімді әрі сапалы пайдалану қажет. Жоба аясында мал шаруашылығын дамытумен қатар ауылдағы бизнестің басқа да бағыттарына, оған қоса кооперативтер құруға да ерекше назар аудару керек, – деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

Ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды әрі қарай дамыту мәселесіне тоқталған облыс әкімі Бейбіт Исабаев өңірде орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі 100%-ға, ал табиғи газбен қамту 67%-ға жеткенін атап өтіп, ендігі жерде абоненттерді қосу жұмыстары белсенді жүргізілуі тиіс екенін қадап айтты. Бұл – аудан және қала әкімдері мен ауылдық округ әкімдеріне жүктелген ең маңызды міндеттердің бірі, бұл тапсырмалардың орындалуы – олардың жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі.

Әкімдерге ауыл шаруашылығы мен ауылдық бизнесті тұрақты дамытуға бағытталған тиімді шаралар қабылдау, микрокредиттер алу және мемлекеттік қолдау механизмдері туралы тұрғындар арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, қоғамдық жайылымдар бөлу және басқа да мәселелерді жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып шешу міндеті қойылды.

– Әкімдік отырысына ауылдық округ әкімдерін арнайы шақырдық. Барлық деңгейдегі әкімдер заман талабына сай жаңаша жұмыс істеу білуі керек, яғни есеп үшін емес, нақты нәтиже үшін жұмыс істеуі тиіс. Тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, барлық мәселелер бойынша кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. инфрақұрылым салудан бастап білікті мамандар тартуға дейін барлық бағыттарды қамти отырып, ауылдық аумақтарды дамыту – біздің ортақ міндетіміз, – деді жиынды қорытындылаған облыс әкімі Бейбіт Исабаев.

06 августа 2026
10. Қаржылық сауаттылық – алаяқтықтан қорғанудың тиімді жолы

Қаржылық сауаттылық – азаматтардың жеке қаражатын дұрыс басқаруына және алаяқтық әрекеттерден қорғануына мүмкіндік береді.

Алаяқтар көбіне оңай табыс, арзан несие, инвестиция немесе сыйлық ұтып алу туралы жалған ұсыныстар жасайды. Мұндай хабарламаларға сенбей, ақпараттың шынайылығын міндетті түрде тексеру қажет.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық қызметтерді тек лицензиясы бар ұйымдар ғана көрсете алады. Сондықтан қаржы ұйымының заңды қызмет атқаратынына алдын ала көз жеткізген жөн.

Қаржылық қауіпсіздік – әр азаматтың өз қолында. Қырағылық танытып, жеке мәліметтеріңізді қорғаңыз және күмәнді ұсыныстарға сенбеңіз.

06 августа 2026
Электрондық цифрлық қолтаңбаны қорғаудың маңызы

Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – азаматтың жеке қолының заңды баламасы болып табылады. Сондықтан оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды.

ЭЦҚ кілттерін бөтен адамдарға беруге, компьютерде немесе телефонда ашық күйде сақтауға болмайды. Сонымен қатар SMS-кодтарды ешкімге айтуға болмайды.

Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңына сәйкес ЭЦҚ иесі өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалануға өзі жауап береді.

Егер ЭЦҚ үшінші тұлғалардың қолына түсті деген күдік болса, оны дереу кері қайтарып, жаңасын рәсімдеу қажет.

06 августа 2026
Әлеуметтік желідегі жалған ақпараттан сақ болыңыз

Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат пен жалған хабарламалар жиі таралады. Мұндай ақпараттар азаматтарды адастырып қана қоймай, алаяқтардың құрбанына айналдыруы мүмкін.

Ақпаратты бөліспес бұрын оның ресми дереккөзден жарияланғанына көз жеткізу қажет. Әкімдіктердің, мемлекеттік органдардың ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында ғана расталған ақпарат жарияланады.

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңнамасына сәйкес жалған ақпарат тарату заң алдында жауапкершілікке әкелуі мүмкін.

Әр азамат ақпараттық сауаттылықты арттырып, тексерілмеген мәліметтерді таратудан бас тартуы қажет.

06 августа 2026
Жеке деректерді қорғау – әр азаматтың жауапкершілігі

Қазіргі таңда алаяқтар азаматтардың жеке мәліметтерін заңсыз пайдалану арқылы түрлі құқық бұзушылықтарға барады. Сондықтан жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды.

Жеке деректерге жеке куәлік нөмірі, ЖСН, телефон нөмірі, банк картасының реквизиттері, ЭЦҚ кілттері және басқа да ақпараттар жатады.

Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына сәйкес әр азамат өз деректерінің қорғалуына жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Күмәнді сайттарға тіркелмеу, белгісіз адамдарға құжаттардың көшірмесін жібермеу және тек ресми интернет-ресурстарды пайдалану ұсынылады.

06 августа 2026
Мемлекеттік қызметтерді заңды жолмен алу – қауіпсіздіктің кепілі

Цифрлық технологиялардың дамуы мемлекеттік қызметтерді алу процесін айтарлықтай жеңілдетті. Бүгінде азаматтар көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ электрондық форматта ала алады. Алайда осы мүмкіндікті пайдаланып, заңсыз делдалдық қызмет ұсынатын адамдар да кездеседі.

Ешбір адамға жеке куәлік деректерін, ЭЦҚ кілтін, SMS-кодтарды немесе банк картасының мәліметтерін беруге болмайды. Мемлекеттік қызметтер тек заңда белгіленген тәртіппен көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес азаматтар мемлекеттік қызметтерді тегін немесе заңда белгіленген мемлекеттік бажды төлей отырып алады. Үшінші тұлғаларға сену қаржылық шығындарға және жеке деректердің таралуына әкелуі мүмкін.

Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді тек ресми электрондық порталдар мен мобильді қосымшалар арқылы алуға шақырамыз.

06 августа 2026
БАСТЫ МІНДЕТ – САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

Ұлт мәртебесін биік көтеріп, ел абыройын асқақтатып, биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін қалың елге танытатын мемлекеттік қызметшілер – қоғамның айнасы. Сондықтан да еліміздегі әрбір тұрғынның өтініш-тілегін орындауда мемлекеттік қызметшілердің алар орны мен рөлі ерекше. Ең алдымен, мемлекеттік қызметтің сапалы әрі қолжетімді болуы халық үшін өте маңызды. Әрбір азамат қажетті қызметін уақытында алуы керек. Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облыстық департаменті жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

2026 жылдың алғашқы алты айында департаментке мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты азаматтар мен заңды тұлғалардан 106 шағым түсті. Оның ішінде бір шағымда көрсетілген деректер расталып, азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, кемшілік жіберген 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Департаментке келіп түскен арыз-шағымдар мерзімінде қаралып, заңға сәйкес тиісті жауаптар берілуде. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің халықпен дұрыс әрі сапалы жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінуде. Осы мақсатта қолға алынған «Ең алдымен адамдар» жобасы аясында 47 мемлекеттік қызметші арнайы оқудан өтті. Оқу Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру мақсатында «Елге қызмет» бағдарламасы бойынша жергілікті телеарнада 6 тікелей эфир өткізілді. Оған халық үшін маңызды салалардағы мемлекеттік органдардың басшылары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ департаменттің бастамасымен аудандық және қалалық әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің 23 отырысы өтті. Мұнда мемлекеттік қызметтерге қатысты 26 мәселе қаралды. Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен әкімдер аппараттары көрсететін қызметтер бойынша тағы маңызды 2 мәселе талқыланды. Нәтижесінде мемлекеттік органдарға берілген 9 ұсынымның барлығы орындалды.

Аталған бағыттағы жұмыстарды жақсарту үшін, департамент мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін жеңілдету, оларды автоматтандыру және ақпараттық жүйелердің техникалық мүмкіндіктерін арттыру жөнінде 21 ұсыныс Агенттікке жолдады.

Бақылау жұмыстарына тоқталсақ, бірінші жартыжылдықта 8 жоспарлы және 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде 2 945 заң бұзушылық анықталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 227 азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Одан бөлек, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы қашықтықтан бақылау жүргізілді. Нәтижесінде 3 240 заң бұзушылық анықталды. Осы фактілер бойынша 23 әкімшілік іс қозғалып, 13лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы – 1 444 945 теңгені құрап, бюджетке толық төленді.

Қорытындылай келе, департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, оларды алу тәртібін жеңілдету және азаматтардың құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастырады. Басты мақсат – тұрғындардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, оңай және уақытында алуын қамтамасыз ету.

 

Е. Сұлтанқұлов,

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері    агенттігінің  Жетісу облыстық департаментінің  басшысының орынбасары.

06 августа 2026
Қоғамдық тәртіп пен азаматтық жауапкершілік – қауіпсіз қоғамның негізі

 Қоғамдық тәртіпті сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті

Қоғамдық тәртіп – тұрғындардың қауіпсіз, тыныш және жайлы өмір сүруінің басты кепілі. Заң талаптарының сақталуы, азаматтардың өзара сыйластығы, қоғамдық орындардағы тәртіп пен мәдениеттілік қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайтады. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы болып табылады. Әрбір азамат басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға және қолданыстағы заңнаманың талаптарын орындауға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтардың бірлескен жұмысы арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық тәртіпті нығайтуда тұрғындардың белсенділігі, заңға деген құрметі және азаматтық жауапкершілігі ерекше маңызға ие.

Күнделікті өмірде қоғамдық тәртіпті сақтау қарапайым әрекеттерден басталады. Қоғамдық орындарда тазалық сақтау, жол қозғалысы ережелерін орындау, өзгелердің тыныштығын бұзбау, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, табиғатты қорғау, құқық қорғау органдарының заңды талаптарын орындау – әрбір азаматтың міндеті.

Соңғы жылдары цифрлық технологиялардың дамуына байланысты құқық бұзушылықтың жаңа түрлері пайда болуда. Интернет-алаяқтық, жалған ақпарат тарату, киберқылмыс сияқты әрекеттер қоғамға үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан азаматтардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

Қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде жастардың рөлі ерекше. Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, оларды еріктілік қызметке, спорттық және мәдени іс-шараларға тарту, патриоттық тәрбие беру – құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолдары. Саналы әрі жауапты жастар – елдің қауіпсіз әрі тұрақты болашағының кепілі.

Азаматтық жауапкершілік – заң талаптарын орындаумен ғана шектелмейді. Ол қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамау, құқық бұзушылықтың алдын алуға атсалысу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау және қоғамдық игілікке үлес қосу арқылы көрініс табады. Осындай ұстаным қоғамда өзара сенім мен жауапкершілікті нығайтады.

Заң мен тәртіп қағидатын сақтау – өркениетті қоғамның басты белгісі. Әрбір тұрғын заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті нығайтуға үлес қосқан жағдайда ғана қауіпсіз, тұрақты және дамыған мемлекет қалыптасады.

Барша тұрғындарды Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтық жауапкершілік танытуға және қоғамымыздың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтуға белсенді атсалысуға шақырамыз. Заңға құрмет – елге құрмет, ал қоғамдық тәртіп – тұрақты дамудың берік негізі.

06 августа 2026
Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет

Жастардың құқықтық тәрбиесі – қауіпсіз қоғамның кепілі

Жастар – еліміздің болашағы және қоғамның ең белсенді бөлігі. Сондықтан олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалатыны, сондай-ақ әр азаматтың заң талаптарын сақтауға міндетті екені белгіленген. Осы қағидаларды жүзеге асыру мақсатында мемлекет жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңына сәйкес құқық бұзушылықтың алдын алу мемлекеттік органдардың ғана емес, білім беру ұйымдарының, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және бүкіл қоғамның ортақ міндеті болып табылады. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды спортқа, мәдениетке, еріктілік қызметке және қоғамдық іс-шараларға тарту құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды тетіктерінің бірі саналады.

Қазіргі уақытта жастар арасында интернетті қауіпсіз пайдалану, кибербуллингтің алдын алу, алаяқтық әрекеттерден сақтану, есірткі құралдарының заңсыз айналымының зияны, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылуда. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары құқықтық сананы қалыптастырып, жастардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Отбасы – жас ұрпақтың алғашқы тәрбие мектебі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауы, заң талаптарын құрметтеуге үйретуі және дұрыс құндылықтарды қалыптастыруы құқық бұзушылықтың алдын алуда ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің бірлескен жұмысы жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Заңды құрметтейтін, білімді әрі жауапты жастар – еліміздің тұрақты дамуының кепілі. Әрбір жас өз құқықтарымен қатар міндеттерін де білуі, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуі қажет. Құқық бұзушылықтың кез келген түріне төзбеушілік таныту – қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастырудың маңызды шарты.

Барша жастарды Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматтық жауапкершілік танытуға және елдің дамуына белсенді үлес қосуға шақырамыз. Заңға бағынатын жастар – жарқын болашақтың кепілі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы