Шұбар ауылдық округі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2026 жылдың I тоқсанына)

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте жалпы – 0 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлға–0, заңды тұлға–0. Көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны–0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны - 0,электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны - 0,"электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz–0, мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) -0.

 

Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2026 жылдың I тоқсаны бойынша болған жоқ.

Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

Аудан әкімінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 87-ө н/қ өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2025 жылға арналған ішкі мемлекеттік бақылау жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген. Есепті кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес  ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілмеді.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, әкімдікке қарасты бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты мамандарымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2026 жылдың I тоқсанында 4 іс-шаралар жәрмеңкелер, Қызмет Лайф,  қоғамдық қабылдаулар,  ашық есік күндері) ұйымдастырылды. Жалпы іс-шарамен 85 адам қамтылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер болған жоқ.

 

Дата публикации
14 апреля 2026