GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
ТҮКШ
16 октября 2026
Жол мәселесі бақылауға алынды

Б. Момышұлы көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар жаңартылып, брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар ауыл инфрақұрылымын жақсартуға, көшелердің көркін арттыруға және тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

ТҮКШ
16 октября 2026
Сарыөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында саябақтарда абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Сарыөзек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында саябақтардың сыртқы келбетін жақсарту және аумақты абаттандыру мақсатында, "Интернационалист-жауынгерлер", "Жастар" саябақтарында қақпалардың сыртқы бөлігін сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар ауылдың көркін жақсартуға, қоғамдық орындардың тазалығы мен көріктілігін сақтауға бағытталған.

Таза ауыл – ортақ жауапкершілік! Әрбір тұрғынды ауыл тазалығын сақтауға және қоғамдық орындарға ұқыптылықпен қарауға шақырамыз!

Кәсіпкерлік
16 октября 2026
Жеке кәсіпкерлерге тазалық бойынша ескерту берілді

Сарыөзек ауылдық округі бойынша «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында, Сарыөзек ауылының аумағында орналасқан сауда орындарының сыртқы келбетін жақсарту және айналасындағы тазалықты сақтау мақсатында, жеке кәсіпкерлерге әкімшілік тарапынан ескерту берілді.

Ескертулерде сауда нысандарының айналасын абаттандыру, шөптерді уақтылы ору, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды уақытылы жинау, сондай-ақ сауда нысандарының сыртқы келбетін заман талабына сай әрлендіру қажеттігі көрсетілді.

Әлеуметтік қамсыздандыру
02 октября 2026
Халықаралық қарттар күніне орай, ауылдың қазыналы қарияларына мерекелік дастархан жайылды

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Сарыөзек ауылдық округінің әкімі Баядилов Асқар Оңғарұлының ұйымдастыруымен ауылымыздың  қазыналы қарияларына арнайы дастархан жайылды.

Іс-шараның басты мақсаты – ауылдың дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа дәріптеу.

Мерекелік дастархан барысында қарияларға жылы лебіздер айтылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдар өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, мерекелік шарадан ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Экономика және қаржы
21 сентября 2026
2025 жылдың автокөлік салық берешегін өндіріп алу және төлеу қажеттілігі бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сарыөзек ауылдық округі әкімдігінің мамандары және аудандық кірістер басқармасының маманының қатысуымен 2025 жылдың автокөлік салық берешегін өндіріп алу және төлеу қажеттілігі бойынша тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ТҮКШ
11 сентября 2026
Ауыл келбетін көркейту жұмыстары жүргізілді

Ауыл аумағындағы жол бойындағы бағаналарды әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар елді мекеннің көркін жақсарту және тазалықты сақтау мақсатында атқарылуда.

ТҮКШ
01 сентября 2026
Сарыөзек ауылдық округінде абаттандыру және күтіп-ұстау ережелерін сақтауға қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2026 жылғы 1 шілдеден бастап қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңартылған үлгілік қағидалары күшіне енді. Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы №306 бұйрығымен бекітілді. Жаңа талаптарға сәйкес, жеке тұрғын үйлер мен мүлік иелері өздеріне тиесілі аумақпен қатар, нысанға іргелес 5 метрге дейінгі аумақтың санитариялық тазалығы мен абаттандырылуына жауапты. Атап айтқанда, аталған аумақ қоқыстан, арамшөптен, қураған шөптен және басқа да ластанудан таза ұсталуы тиіс.

Сондай-ақ, құрылыс материалдарын, отынды, тыңайтқыштарды және басқа да заттарды қоршаудың сыртына немесе көшеге ұзақ уақыт орналастыруға жол берілмейді. Құрылыс және тұрмыстық қалдықтар арнайы белгіленген орындарға шығарылуы қажет. Тұрғын үйлердің қасбеті мен қоршауы таза әрі жинақы ұсталып, үйдің нөмірлік белгісі болуы тиіс.

Абаттандыру қағидаларын бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша ескерту немесе 20 АЕК-тен басталатын айыппұл салынады.

Осы талаптардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Сарыөзек ауылдық округінің әкімдігі
жеке тұрғын үйлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шара барысында нысандарға іргелес 5 метрге дейінгі аумақтың тазалығы тексеріліп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескертулер берілді.

ТҮКШ
19 августа 2026
Сарыөзек ауылдық округінде көшелерге көше атауы және нөмірі жазылған тақтайшалар ілу жұмыстары жалғасуда

Сарыөзек ауылдық округінде көшелерге көше атауы және нөмірі жазылған тақтайшалар ілу жұмыстары жалғасуда. Көше атауларын ілу және беру – елді мекендерді жүйелеу, тұрғындар мен қонақтардың бағдарлауын жеңілдету, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны дәріптеу мақсатында жүзеге асырылады.

🔷️Бағдарлау және қызмет көрсету:
-мекенжайды жылдам табуға мүмкіндік береді;
-жедел жәрдем, өрт сөндіру, полиция және курьерлік қызметтердің қажетті мекенжайға тез жетуін қамтамасыз етеді;
-тұрғындардың құжат рәсімдеуіне және пошта қызметтерін пайдалануына қолайлы жағдай жасайды.

🔷️Тарихи және тәрбиелік мәні:
-елге еңбегі сіңген тарихи тұлғалардың есімдерін ұлықтап, олардың өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізеді;
-жастардың бойында отансүйгіштік пен ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етеді;
-ұлттық құндылықтар мен тарихи-мәдени мұраны насихаттайды.

Осы жұмыстар елді мекеннің көркін жақсартып қана қоймай, тұрғындарға қолайлы әрі жүйелі орта қалыптастыруға маңызды үлес қосады.

 

 

 

 

ТҮКШ
19 августа 2026
Саябақтар мен аллеяда абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде

Сарыөзек ауылында саябақтар мен аллеялардағы сырлау және шөп шабу жұмыстары республикалық «Таза Қазақстан» акциясы мен маусымдық абаттандыру жұмыстары аясында жүргізілуде. Бұл шаралар қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға және тұрғындарға жайлы жағдай жасауға бағытталған. Атқарылып жатқан жұмыстардың түрлері:

-көгалдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының маңындағы өсіп кеткен шөптер мен арамшөптерді орып, ретке келтіру;

-орындықтарды, жарық шамдарын, қоршаулар мен балалар алаңдарын сырлап, сыртқы келбетін жаңарту;

-қоқыстарды жинау, ағаштардың бұталарын кесу, суғару және абаттандырылған аумақтарды күтіп ұстау.

Ауыл тазалығына үлес қосып жатқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

 

06 августа 2026
Заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі

Заң мен тәртіп бір-бірімен тығыз байланысты. Заңдар тәртіп орнатуға бағытталған, ал тәртіп оның орындалуына кепілдік береді. Заңдардың орындалуын қамтамасыз ету үшін тәртіптің болуы өте маңызды. Тәртіпсіз қоғамда заңдар тиімді жұмыс істей алмайды, себебі адамдар заңды қасақана бұзып, салдары ауыр болуы мүмкін.

Мысалы, заңсыздық орын алған елдерде қылмыс деңгейі жоғары болады, ал бұл елдерде мемлекеттік органдардың жұмысы әлсіреп, тұрақсыздық туындайды. Сондықтан заңның қабылдануы мен оны орындау арасындағы үйлесім өте маңызды.

Заң мен тәртіптің қоғамдағы рөлі зор. Олар адамдардың құқықтарын қорғап, әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдағы жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, заң мен тәртіпті сақтау қоғамның тұрақтылығын және халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын жақсартады.

Қоғамдағы тәртіп бұзылған жағдайда адамдардың өзара сенімдері мен ынтымақтастығы бұзылып, арандатушылықтар мен қақтығыстар туындауы мүмкін. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтаудың маңызы зор.

Қазіргі қоғамда заң мен тәртіп — дамудың және әділеттіліктің кепілі. Олар қоғамды тиімді басқару үшін қажет. Заң мен тәртіпті бұзу қоғамда хаосқа, қылмыс пен арандатушылыққа әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті, заң мен тәртіптің орындалуы тек мемлекет үшін ғана емес, әрбір азамат үшін маңызды.

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы үшін әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білумен қатар, заңды және тәртіпті ұстану арқылы елімізді жақсартуға өз үлесін қосуы керек.

                                                                                                                  

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы