Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға шақырамыз.
Халықты қаржылық сауаттылыққа оқыту 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 сәуірге дейін Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылында "Қарызсыз қоғам" жобасы аясында халықтың қаржылық сауаттылығын тегін оқыту басталды.
Оқыту қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруға үйрету, қаржы мәселелерінің қалай туындайтынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтауға үйрету мақсатында өтті.
Халықтың борыштық жүктемесі проблемасы жүйелі шешуді талап етеді.
Оқыту курсының негізгі мақсаты-болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, өскелең ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған елде қаржылық білім беру жүйесін құру.
Осы уақыт ішінде сіз отбасылық бюджет жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, қаржылай тәуелсіз болуды, депозиттер мен қаржылық жоспар құруды үйренесіз. Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында заңгердің көмегін алу мүмкіндігі бар. Оқыту толығымен тегін.