Жергілікті қоғамдастық
Жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;
1) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, саяси партияларға және қоғамдық бірлестіктерге тиесілігіне қарамастан тікелей, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдары арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртіппен сайланбалы жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық мүшесінің жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берілмейді және сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Қазақстан халқының бірлігін, елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге;
3) мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге міндетті.
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
1) жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;
2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының жиырма бес адамға дейінгі мөлшердегі құрамын айқындау;
3) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;
4) әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу қорытындылары туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау және талқылау;
5) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;
6) жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.
1) бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
1-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
1-2) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі шешімдерін келісу;
3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;
4-2) жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беру;
4-3) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабының 6-тармағында көзделген жағдайда одан әрі ұсыну үшін келісу;
4-4) аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;
4-5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;
5) жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері бойынша өткізіледі.
3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысын құру мен оның қызметінің тәртібі аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты бекітетін жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде айқындалады.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Мониторингті жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті көрсеткіштерінің жоспарланған және қол жеткізілген нәтижелерін салыстыру арқылы жарты жылда бір рет жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен кезектен тыс мониторинг жүргізілуі мүмкін.
Жергілікті қоғамдастық комиссиясы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуына мониторинг жүргізу үшін мамандар тартуға құқылы.
Мониторинг жүргізу бойынша әдіснамалық және әдістемелік басшылықты бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган қамтамасыз етеді.
Жергілікті қоғамдастық комиссиясының мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына шығарылады.
Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөнінде ұсынымдар қабылдайды.
Тиісті аумақ әкімі жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін тиімді атқару жөніндегі ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы негізделген қорытынды енгізеді.
Жергiлiктi қоғамдастық жиынының бастамашылары тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiміне жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізу туралы өтініш жасауға міндетті.
Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің оң шешімі алынғаннан кейін жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізуге жол беріледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындаудың тәртібін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары бекітеді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін осы баптың 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастық халқы жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен құлағдар етіледі.
Жергілікті қоғамдастық жиналысы оған жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген мүшелердің кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиынын немесе жергілікті қоғамдастық жиналысын жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы сайланады. Күн тәртібін жергілікті қоғамдастық жиыны немесе жергілікті қоғамдастық жиналысы бекітеді.
Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:
1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;
2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;
4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды және ол тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне беріледі.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.