Сарыөзек ауылы 1928 жылы құрылды. 2013 жылға дейін Сарыөзек – кенттік округ болған, 2013 жылдың 24 шілдесінде Сарыөзек – ауылдық округ болып қайта құрылды. Ауылдық округтiң аумағында 3 елді-мекен орналасқан: Дос, Қойқырыққан, Майтөбе бекеттері.
- Ауылдық округтiң аумағы — 6212,6 га, оның ішінде жайылым – 4277,1 га, егістік – 20 га, жалпы ауылшаруашылық алқаптар – 4297,10 га, су асты жерлер – 38,60 га, құрылыс асты жерлер – 178,25 га, жолдар, көшелер, аландар асты жер – 126,76 га, басқа жерлер – 1569,29 га.
- Сарыөзек ауылдық округі бойынша аулалардың жалпы саны — 3097 аула, оның ішінде:
- Сарыөзек ауылында – 3060 аула,
- Дос бекетінде – 27 аула,
- Қойқырыққан бекетінде – 4 аула,
- Майтөбе бекетінде – 6 аула.
Сарыөзек ауылдық округі бойынша 85 көше бар