Хозяйственная сфера Сарыозекского сельского округа

Сарыөзек ауылдық округінің шаруашылық саласы

Сарыөзек ауылы 1928 жылы құрылды. 2013 жылға дейін Сарыөзек – кенттік округ болған, 2013 жылдың 24 шілдесінде Сарыөзек – ауылдық округ болып қайта құрылды. Ауылдық округтiң аумағында 3 елді-мекен орналасқан: Дос, Қойқырыққан, Майтөбе бекеттері.

  • Ауылдық округтiң аумағы — 6212,6 га, оның ішінде жайылым – 4277,1 га, егістік – 20 га, жалпы ауылшаруашылық алқаптар – 4297,10 га, су асты жерлер – 38,60 га, құрылыс асты жерлер – 178,25 га, жолдар, көшелер, аландар асты жер – 126,76 га, басқа жерлер – 1569,29 га.

 

  • Сарыөзек ауылдық округі бойынша аулалардың жалпы саны — 3117 аула, оның ішінде:
  • Сарыөзек ауылында – 3060 аула,
  • Дос бекетінде – 27 аула,
  • Қойқырыққан бекетінде – 4 аула,
  • Майтөбе бекетінде – 6 аула.

 

  • Сарыөзек ауылдық округі бойынша 85 көше бар.

 

  • Сарыөзек ауылдық округі бойынша жалпы халық саны – 15719 адам, оның ішінде:
  • Сарыөзек ауылында – 15579 адам, ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 14027 адам (90,04%),  орыстар – 1295 адам (8.31%), өзбектер – 15 (01%),  ұйғырлар – 52 (0.33%),  татарлар – 24 (0.15%),  кәрістер – 12 (0.08%),  қырғыздар – 2 (0.02%), немістер – 8 (0.05%),  шешендер – 83 (0.53%),  украиндар –26 (0.17%), өзге ұлттар – 23 (0.15%).

 

  • Дос бекетінде – 112 адам, ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 102 (91.1%), орыстар – 7 (6.3%), ұйғырлар – 3 (2.6%).

 

  • Қойқырыққан бекетінде – 9 адам, ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 9 (100%).

 

  • Майтөбе бекетінде – 19 адам. ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 19 (100%).

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

          Жеке қосалқы шаруашылық малдары - 1441 бас  ірі   қара, оның ішінде 547 аналық, 9998 бас қой-ешкі, анылығы - 4100, 236 бас жылқы, биелер - 120, шошқалар  65 бас, мегенжіндер – 26, құс 2450 бас

Сарыөзек ауылдық округінде жалпы аула саны - 3117,  оның  ішінде: малы  бар аула -  535,   малы  жоқ аула -  2582. 

Жеке шаруа қожалықтардың малдары - 1203 бас  ірі   қара, оның ішінде 427 аналық, 2864 бас қой-ешкі, анылығы - 745, 423 ба

 

 жылқы, биелер - 174, құс 65 бас.

Сарыөзек ауылдық округінде 16 шаруа қожалық тіркелген,  онда 54 адам жұмыс істейді.     

Ауылдық округтің ауылшаруашылық саласында:  142 – трактор, 26 – комбайн, 48- тұқым сепкіш,   51- тырма, 42- соқа бар.

 

Ветеринария бойынша

          Жыл басынан жоспарлы бруцеллез ауруына диагностикалық тексерулерден жалпы өткені: мүйізді ірі қара малдан 2708 бас сынама алынып таза нәтиже көрсетті. Ұсақ мүйізді малдан жоспар бойынша 14271 бас сынама алынып таза нәтиже көрсетті. Ауыл шаруашылық малдарға бірдей жұмыстар толық орындалды.  Сарыөзек ауылдық округі бойынша 2023 жылы ветеринариялық алдын алу іс-шараларының жоспары:  Аусыл ауруына қарсы: МІҚ 4330бас және ҰММ 29190 бас егілді; Пастереллез ауруына қарсы: МІҚ 760 бас және ҰММ 6429 бас, Жылқы 556 бас, Шошқа 33 бас. Сібір жарасы ауруына қарсы: МІҚ 2200 бас, ҰММ 14000  бас, Жылқы 600 бас, шошқа 60 егілді. МІҚ Қарасан ауруына қарсы 2300 бас егілді. ҰММ қой күлі ауруына қарсы 12300 бас, ҰММ эктима ауруына қарсы 3100 бас, туберкуллез ауруына аллергиялық зерттеу: МІҚ 1700 бас, нодулярлы дерматит ауруына ауыруына алергиялық зерттеу: МІҚ 2200 бас.Жылқы сақау ауруына  қарсы 192 бас, Жылқы манқа ауруына  қарсы 100 бас Ит эхинококкоз таблетка-6800  Ит Құтыру-850 бас  Мысық құтыру-30 бас

 

 

 

 

 

 

 

 

Об ответственных работниках за работу с обращениями физических и юридических лиц
Дата публикации
28 февраля 2024