GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
06 октября 2026
Сарыбұлақ ауылдық округінде «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Сарыбұлақ ауылдық округінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, ауылдың қазыналы қарттарына арнап ақ дастархан жайылды.

Іс-шараның басты мақсаты – аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін кейінгі ұрпаққа насихаттау, сондай-ақ қарттарға деген ізгі ықылас пен қамқорлықты арттыру.

Мерекелік дастархан барысында ауылдың ардагерлері мен қазыналы қарияларына жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды. Қарттар өздерінің ақ баталары мен ізгі тілектерін білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Қарттар күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісі. Ауылдың берекесі мен бірлігін арттыруға өз үлесін қосып келе жатқан аға буынның еңбегі әрдайым құрметке лайық.

01 октября 2026
Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі тұрғындармен тұрақты кездесуін өткізді

Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты елді мекен тұрғындарымен 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған тұрақты кездесу өткізілді.

Кездесуге Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі А. Болатов, ауылдық округ аппаратының қызметкерлері, ауыл тұрғындары және тиісті мекеме өкілдері қатысты.

Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, елді мекендердің абаттандырылуы, санитарлық тазалықты сақтау, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желілерінің жағдайы, жол және инфрақұрылым мәселелері, сондай-ақ тұрғындарды толғандыратын өзге де әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Округ әкімі А. Болатов атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешу бағытында қолға алынған шаралар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен жобалар жөнінде түсіндірме жасады.

Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды. Тұрғындардың көтерген мәселелері тыңдалып, оларды шешу жолдары бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.

Ауылдық округ әкімі тұрғындармен тұрақты кездесулердің негізгі мақсаты – халықпен ашық диалог орнату, елді мекендердегі мәселелерді тікелей зерделеу және оларды шешу бойынша нақты жұмыстар жүргізу екенін атап өтті.

Кездесу соңында көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынып, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты міндеттер айқындалды.

11 сентября 2026
Ауылдық округ әкімі мектеп мұғалімдерімен кездесті

2026 жылғы 10 қыркүйек күні ауылдық округ әкімі А. Болатов Сарыбұлақ орта мектебінің мұғалімдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер, оқушылардың білім сапасын арттыру және олардың тәрбиелік деңгейін көтеру бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Округ әкімі А. Болатов мектеп ұжымы үшін білім сапасын арттырумен қатар, оқушылардың бойында жауапкершілік, тәртіп, отансүйгіштік және қоғамдық ортадағы мәдениетті мінез-құлық қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау, мектептегі тәртіпті сақтау, ата-аналармен байланысты күшейту және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында ауылдық округ әкімдігі мен мектеп ұжымы арасындағы өзара байланысты нығайту, білім беру саласындағы мәселелерді бірлесіп шешу және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жүйелеу бойынша пікір алмасу өтті.

Кездесу соңында мектеп мұғалімдеріне өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, оқушылардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

27 августа 2026
baspana.otbasybank.kzпорталында өтінім қабылдау басталды

Құрметті ауыл тұрғындары!
2026 жылғы 1–7 қыркүйек аралығында ауылдық елді мекендердегі жалға берілетін баспанаға өтінім қабылданады 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 7 қыркүйек аралығында (қоса алғанда) baspana.otbasybank.kzпорталында ауылдық елді мекендерде орналасқан жалға берілетін тұрғын үйді алуға тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтардан өтініштер қабылдау басталады. Азаматтар өтінішті тұрғын үйге мұқтаждар есебінде (кезекте) тұрған аудан орталығы бойынша ғана бере алады. Іріктеу қалай жүргізіледі Өтініш беру мерзімі аяқталғаннан кейін Отбасы банк Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларының талаптарына сәйкес жалға берілетін тұрғын үйді алатын азаматтарды анықтайды. Негізгі критерийлер: • Тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қойылған күні; • Отбасының соңғы 6 айдағы табыс деңгейі; • Отбасы құрамы. Өтініш беру электронды форматта жүзеге асырылады. Катысу үшін жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет.

15 июля 2026
Шилісу ауылында жаңа футбол алаңының құрылысы басталды

Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Шилісу ауылында заманауи футбол алаңының құрылыс жұмыстары басталды.

Аталған жоба ауыл тұрғындарына, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың спортпен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасауға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында дайындық және жер жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында футбол алаңы қажетті инфрақұрылыммен жабдықталып, қауіпсіздік талаптарына сәйкес пайдалануға беріледі.

Жаңа спорт нысаны ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, балалар мен жастардың дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысуына мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп, нысанды жоспарланған мерзімде пайдалануға беру көзделуде.

23 июня 2026
«Мемлекеттік қызметші – ел сенімінің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті

Аудандық Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметші – ел сенімінің тірегі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар мемлекеттік қызметшіге марапаттар табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында патриоттық және эстрадалық әндер орындалып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

15 июня 2026
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі

📢 Азаматтардың назарына мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың тәртібі жайлы жадынаманы ұсынамыз!

💻 Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу тәртібі толықтай цифрландырылған. Былтырғы жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналасу процессі «Е-қызмет» www.eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жүзеге асырылып келеді және ағымдағы жылдың сәуір айының 1-і күнінен бастап кезекті рет жетілдірілдіп, одан әрі оңтайландырылды.

🔹Толығырақ айтсақ, «Е-қызмет» порталы арқылы сіз:
- ҚР заңнамаларын білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді конкурстық іріктеуге дейін өтіп 1 жыл бойына бос лауазымдарға қатысу құқығын аласыз;
- Құжат қабылдау жарияланған бос лауазымдармен танысып, конкурстық іріктеуге онлайн қатыса аласыз;
- Бар болғаны 2 практикалық тапсырманы орындап - 1 ғана конкурстық кезеңді өту арқылы 5-7 күн ішінде мемлекеттік қызметке орналаса аласыз (басшылық емес лауазымдар үшін).

💼 Егер сіз мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келсе үйден шықпастан онлайн форматта барлық рәсімдерді өтіп, алғашқы жұмыс күніне бірақ кірісуіңізге болады.

🇰🇿 Құрметті азамат, мемлекеттік қызметке келіңіз - ел үшін қызмет етіңіз!

@elgeqyzmet.gov.kz

12 июня 2026
12 маусым "Спорт - есірткіге қарсы" атты аудандық марафон өткізілді

«Спорт – есірткіге қарсы» марафонында жүлделі орын иеленді

2026 жылғы 12 маусым күні Кербұлақ ауданында салауатты өмір салтын насихаттау және жастар арасында спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған «Спорт – есірткіге қарсы» атты спорттық марафон өтті.

Аталған іс-шараға Сарыбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының іс жүргізу жөніндегі бас маманы Әмірбай Нұржан Сламжанұлы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Ол 18–24 жас аралығындағы ерлер арасында бақ сынап, ІІ орынға ие болды.

Әмірбай Нұржан Сламжанұлын жүлделі орнымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да спорттық жарыстарда биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз. Оның жетістігі жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және спортпен тұрақты айналысуға ынталандыратыны сөзсіз.

 
01 июня 2026
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп ұжымы ұйымдастырған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында ауыл әкімі балаларды мерекемен құттықтап, оларға ізгі тілегін білдіріп, балмұздақ таратты. Сонымен қатар демеушілік көрсеткен «Алия» дүкенінің иесі Молдакулова Алия балаларға балмұздақ таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шара барысында балалар еркін ойнап, ән айтып, би билеп, көңілді уақыт өткізді. Мереке бүлдіршіндерге қуаныш пен шаттық сыйлап, олардың жүздеріне күлкі ұялатты.

 

06 мая 2026
Көп балалы аналарға "Күміс алқа" наградаларын табыстау

Бүгін, 2026 жылғы 6 мамырда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 7 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, Сарыбұлақ ауылдық округіне қарасты Қарағаш ауылының тұрғындары Күлбекова Гүлсім Нұрсұлтанқызы және Идьятова Сабира Елтайқызы «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

Аталған марапат көпбалалы аналардың қоғамдағы мәртебесін арттыруға, олардың отбасылық құндылықтарды нығайтудағы және жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше еңбегін бағалау мақсатында табысталады.

Марапаттарды салтанатты түрде ауылдық округ әкімі А. Болатов табыстап, марапат иелерін жоғары мемлекеттік наградаларымен құттықтап, оларға зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тіледі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы