Кербұлақ ауданы Сарыбастау ауылдық округі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2025 жылдың I тоқсанына)

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте  "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бойынша 8/сегіз/ мемлекеттік қызмет көрсету көрсетілді.

Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2025 жылдың I тоқсаны бойынша–0.

Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат

Округ әкімі аппаратының  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты маманның ұйымдастыруымен,  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2025 жылдың I тоқсанында 4 іс-шаралар  («QYZMET LIVE» жобасы бойынша тікелей эфир, ашық есік күндері т.б.) ұйымдастырылды және  жергілікті «Кербұлақ жұлдызы» газетіне 1 мақала жарияланды.  

Жалпы іс-шарамен 76 адам қамтылды.

Дата публикации
03 апреля 2025