GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Құжаттар
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпарат
Все материалы
02 октября 2026
Көксу ауылдық округінің әкімі Абыканов Бақытжан Серікұлы округ тұрғындарыны Қарттар күнімен құтықтады!
31 июля 2026
Көксу ауылдық округінің әкімі Абыканов Бахытжан Серікұлы "Күміс алқамен" Әділбек Әминаны марапаттады
23 июня 2026
«Мемлекеттік қызметші – ел сенімінің тірегі» атты салтанатты іс-шара өтті

Аудандық Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметші – ел сенімінің тірегі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар мемлекеттік қызметшіге марапаттар табысталды.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында патриоттық және эстрадалық әндер орындалып, мерекелік атмосфера қалыптасты.

22 июня 2026
Жоспар бойынша Кербұлақ ауданының бөлім басшылары және бас манандары Көксу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді!
15 июня 2026
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәртібі

📢 Азаматтардың назарына мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың тәртібі жайлы жадынаманы ұсынамыз!

💻 Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу тәртібі толықтай цифрландырылған. Былтырғы жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналасу процессі «Е-қызмет» www.eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жүзеге асырылып келеді және ағымдағы жылдың сәуір айының 1-і күнінен бастап кезекті рет жетілдірілдіп, одан әрі оңтайландырылды.

🔹Толығырақ айтсақ, «Е-қызмет» порталы арқылы сіз:
- ҚР заңнамаларын білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді конкурстық іріктеуге дейін өтіп 1 жыл бойына бос лауазымдарға қатысу құқығын аласыз;
- Құжат қабылдау жарияланған бос лауазымдармен танысып, конкурстық іріктеуге онлайн қатыса аласыз;
- Бар болғаны 2 практикалық тапсырманы орындап - 1 ғана конкурстық кезеңді өту арқылы 5-7 күн ішінде мемлекеттік қызметке орналаса аласыз (басшылық емес лауазымдар үшін).

💼 Егер сіз мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келсе үйден шықпастан онлайн форматта барлық рәсімдерді өтіп, алғашқы жұмыс күніне бірақ кірісуіңізге болады.

🇰🇿 Құрметті азамат, мемлекеттік қызметке келіңіз - ел үшін қызмет етіңіз!

@elgeqyzmet.gov.kz

13 мая 2026
9- Мамыр Жеңіс күні құтты болсын!

Көксу ауылдық округінде,  9- Мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шара өткізілді. Батыр бабаларымыздың ерлігі мен қайсарлығының арқасында келген бейбіт күн үшін тағзым етеміз.Соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне мың алғыс!! Сіздерге зор денсаулық тілейміз.

30 апреля 2026
Кестеге сәйкес 29.04.2026 Көксу ауылдық округінің әкімі округ бойынша кедесу өткізді
30 марта 2026
Кербұлақ ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу ауылында Көксу өзенінің бойында экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді.

Кербұлақ ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу ауылында Көксу өзенінің бойында экологиялық бағдарламасы аясында сенбілік өткізілді.

26 марта 2026
Көксу ауылдық округ әкімінің, округ тұрғындарымен кездесуі.

31.03.2026 жыл сағат 10:00-де Көксу ауылы " Абыхан" мәдениет үйінің алдында, сағат 12:00-де Беріктас ауылы, Беріктас орта мектебінің алдында, сағат 15:00-де Қосағаш ауылы, Қосағаш орта мектебінің алдында, сағат 17:00-де Көктал ауылы, ФАП-тың алдында, Көксу ауылдық округ әкімі ауыл тұрғындарымен кездесуі өтеді.

11 марта 2026
8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күні!!

8-ші наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, Көксу аулдық округі бойынша қарт апаларымызды , Көксу ауылдық округ әкімшілік ұжымы құттықтады. Көктемгі көңіл-күй, шаттық, жылулық пен шабыт тілейміз. Жаныңыз бен жүрегіңіз бақыт пен махаббатқа толы болсын!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы