Жетісу облысында, «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы аясында, жастарға арнайы грант тағайындалады!
Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау.
Грант 5 бағыт бойынша беріледі: мәдениет, ғылым, бизнес, медиа және ақпараттық технологиялар.
Аталған бағытар бойынша облыстың 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастары қатыса алады.
📌 Өтінімдерді қабылдау 2 сәуір мен 2 маусым аралығында Қоғамдық даму басқармасымен жүзеге асырылады.
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері мемлекеттік және орыс тілдерінде электронды нұсқада tauelsizdik_jetisy@mail.ru поштасына қабылданады.
Қосымша ақпарат пен сұрақтар туындаған жағдайда, байланыс телефоны:
8 (7282) 404-404 (сағат 9.00.-18.00. дейін)