Қөғалы ауылдық округінің мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы күніне орай мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында округтің көркемөнерпаздары патриоттық әндер орындап, әсем билерімен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мерекелік концерт еліміздің бірлігі мен ынтымағын дәріптеп, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.
2026 жылғы 9 қазанда қарттарға арналған мерекелік іс-шара өтті . Сондай-ақ концерт қойылып, қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушылармен есірткі құралдарының (синтетикалық препараттарды қоса алғанда) өскелең ұрпақтың денсаулығына, психикасына және болашағына зиянды әсері туралы түсіндірме әңгіме өткізілді. Мәселенің құқықтық жағына ерекше назар аударылды: оқушыларға тыйым салынған заттарды (оның ішінде интернет-ресурстар арқылы) сақтау, өткізу және сатып алуға/таратуға қатысу жауапкершілігі туралы ҚР Қылмыстық кодексінің баптары түсіндірілді.
Спикерлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен және шығармашылықпен белсенді айналысуға шақырды. Кездесу соңында оқушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, олардың сұрақтарына жауап берілді.
Іс-шара есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған
Қоғалы ауылында Қарттар күніне орай ұлттық спортты насихаттау және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында асық атудан ашық біріншілік ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шараға Қоғалы ауылының және аудан командалары қатысып, ұлттық ойынымыз – «Асық атудан» өзара бақ сынасты. Қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, дәлдік пен ептіліктен сынға түсті.
Жарыстың негізгі мақсаты – қарт адамдарды бағалау, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу, жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау және ұлттық ойындарға деген қызығушылықты арттыру.
Аталған іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, спорттық бәсекелестікпен қатар, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға өз үлесін қосты
22-23 қыркүйегінде Қоғалы ауылдық округі әкімінің м.а.Ж.К.Несипбаеваның Тастыөзек, Шаған, Көкбастау және Күреңбел ауылдарының тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесуі барысында әкімінің м.а. 2026 жылдың 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен 2026 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жоспарларды түсіндірді. Тұрғындар тарапынан халықтың тұрмысына қатысты сұрақтар қойылды. Барлық келіп түскен сұрақтарға ауызша түсініктемелер берілді.
2026 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 09:00-де Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы және халықаралық World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтеді.
Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, жастар, еріктілер, эко-белсенділер және облыс тұрғындары қатысады.
Сенбілік аясында облыс елді мекендерінің аумақтарында санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары, қоғамдық орындарды, саябақтар мен скверлерді, аулаларды тазалау, сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.
World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамды біріктіріп, аумақтарды тазалау және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық бастамаларға қатысуға мүмкіндік береді.
Өңір тазалығы – әрқайсымыздан басталады!
2026 жылғы 11 қыркүйекте Жетісу облысы Әділет департаменті басшысының Қоғалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуге Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, округ ұйымдарының басшылары және округ тұрғындары қатысты.
Кездесуге қатысушылар атқарушылық іс жүргізу және құқықтық қызмет көрсету мәселелері бойынша өз сұрақтарына жауап алды.
Бүгін 2026 жылдың 08 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округі әкімінің орынбасары Жазира Несіпбаева көпбалалы анаға "Алтын алқа" алқа тапсырды, осылайша көпбалалы аналардың қатары тағы бір анаға толықты "Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлі өте маңызды Отбасының ұйытқысы, қамқоршысы әйел. Бүгінде мемлекет тарапынан отбасы және отбасылық құндылықтар институтын сақтау үшін елеулі қолдау көрсетілуде Сізге зор денсаулық отбасылық бақыт пен амандық тілеймін" деді әкімнің орынбасары Ж. Несіпбаева "Алтын алқа" белгісінің иегері 7 бала тәрбиелеп отырған округ тұрғыны Динара Шоранова болды
Қоғалы ауылдық округінің әкімі Б. Мәлікұлының ұйымдастыруымен Қоғалы ауылының қоғамдық жұмыстарына қатысушылардың күшімен бірқатар көшелерде жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды.
Тастыөзек ауылында тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа су құбырының іске қосылуына арналған салтанатты рәсім өтті.
Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды әрі қуанышты оқиға. Жаңа су құбыры елді мекеннің әлеуметтік жағдайын жақсартуға және халықты тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Ж.Жүнісбеков, бөлімдерінің жауапты мамандары және ауыл тұрғындары қатысып, игі бастамаға ақжолтай тілектерін білдірді.