Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2024 жылдың I тоқсанына)
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте жалпы – 1 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлға–1, заңды тұлға–0. Көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны–0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны–0, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –0, "электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz– 1, мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО)–0.
Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2024 жылдың I тоқсаны бойынша–0.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Округ әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты мамандарымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2024 жылдың I тоқсанында 6 іс-шаралар («QYZMET LIVE» жобасы бойынша тікелей эфирлар, жәрмеңкелер, қоғамдық қабылдаулар, ашық есік күндері т.б.) ұйымдастырылды және жергілікті «Кербұлақ жұлдызы» газетіне 1 мақала жарияланып, 1 видеоролик түсірілді, 3-билборд жасалынды. Жалпы іс-шарамен 550 адам қамтылды.