2026 жылғы 1 қазанда қарттарға арналған мерекелік іс-шара өтті . Сондай-ақ концерт қойылып, қайырымдылық түскі ас ұйымдастырылды.
Қаспан ауылдық округінің әкімі Ж.Умарова Қаспан ауыл округіне қарасты Қайнарлы, Көксай, Сайлыкөл және Шаған ауылдарында жоспар бойынша кездесу өткізді.
Қаспан ауылдық округінің спортшылары Корея Республикасы Сеул қаласында JU JUTSU күресінен өтіп жатқан Ашық Азия чемпионатына қатысып ауыл спортшылары Дүзасу Дулат 1 орын иеленіп, үш дүркін Азия чемпионы атанды, Мұрат Ерасыл Нұрланұлы және Қуандық Дінмұхамед Айдарұлы жүлделі 1 орындарды иеленіп Азия чемпиондары атанды.
Қаспан ауылдық округінің бас маманы А.Әбдуәлиева ауыл тұрғындарымен "Таза Қазақстан" атты акциясы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қаспан ауылдық округінде ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмысшылар елді мекеннің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында көшелерді, қоғамдық орындарды және ортақ пайдаланылатын аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Таза әрі көрікті ауыл – баршамыздың ортақ міндетіміз. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және туған ауылымыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамыз.
Қаспан ауылдық округі әкімдігі тарапынан ауыл тұрғындарына судағы қауіпсіздік қағидаларын сақтау мақсатында ақпараттық жадынамалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қаспан ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Е.Мұхамет жасөспірімдер арасында қол күрестен жарыс өткізді.
[
Аудандық Ә. Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметші – ел сенімінің тірегі» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында аудан әкімі Жүнісбеков Жанат Төлегенұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бірқатар мемлекеттік қызметшіге марапаттар табысталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кеш барысында патриоттық және эстрадалық әндер орындалып, мерекелік атмосфера қалыптасты.
📢 Азаматтардың назарына мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасудың тәртібі жайлы жадынаманы ұсынамыз!
💻 Бүгінгі таңда елімізде мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасу тәртібі толықтай цифрландырылған. Былтырғы жылдан бастап мемлекеттік қызметке орналасу процессі «Е-қызмет» www.eqyzmet.gov.kz порталы арқылы жүзеге асырылып келеді және ағымдағы жылдың сәуір айының 1-і күнінен бастап кезекті рет жетілдірілдіп, одан әрі оңтайландырылды.
🔹Толығырақ айтсақ, «Е-қызмет» порталы арқылы сіз:
- ҚР заңнамаларын білуге және жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді конкурстық іріктеуге дейін өтіп 1 жыл бойына бос лауазымдарға қатысу құқығын аласыз;
- Құжат қабылдау жарияланған бос лауазымдармен танысып, конкурстық іріктеуге онлайн қатыса аласыз;
- Бар болғаны 2 практикалық тапсырманы орындап - 1 ғана конкурстық кезеңді өту арқылы 5-7 күн ішінде мемлекеттік қызметке орналаса аласыз (басшылық емес лауазымдар үшін).
💼 Егер сіз мемлекеттік қызметке орналасқыңыз келсе үйден шықпастан онлайн форматта барлық рәсімдерді өтіп, алғашқы жұмыс күніне бірақ кірісуіңізге болады.
🇰🇿 Құрметті азамат, мемлекеттік қызметке келіңіз - ел үшін қызмет етіңіз!
@elgeqyzmet.gov.kz
Қаспан ауылдық округінде балалар қорғау күніне орай ауыл әкімшілімен бірлесе отырып балаларға ұйымдастырылған іс-шара өткізілді.