«Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама
(2025 жылдың ІІ тоқсанына)
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте жалпы – 4 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлға – 0, заңды тұлға – 4. Көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 0, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 4, "электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz – 0, мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО) – 0.
Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2025 жылдың IІ тоқсаны бойынша болған жоқ.
Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.
Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат
Аудан әкімінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 87-ө н/қ өкімімен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 2025 жылға арналған ішкі мемлекеттік бақылау жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген. Есепті кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес ішкі бақылау іс-шарасы жүргізілмеді.
Ауылдық округ әкім аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты маманмен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2025 жылдың ІІ тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау шаралары ұйымдастырылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бойынша Egov.kz порталы арқылы 64 қызмет алынды, оның ішінде 40 ЭЦҚ ашылды.