Аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

Аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өткізілді

 2024 жылдың 01 шілде күні сағат 11.30-да аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті №2 отырысы өткізілді

 2024 жылдың 01 шілде күні сағат 11.30-да аудан әкімі Ұлан Әлдібекұлы Досымбековтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссиясының кезекті №2 отырысы өткізілді.

Мәжіліске комиссия мүшелері, мемлекеттік мекеме басшылары мен Үштөбе қаласы және аулдық округ әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша, Қаратал ауданының сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру шеңберінде өңірдің мемлекеттік мекемелер, қала және ауылдық округі әкімдері жағынан атқарылған жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылданған шаралары туралы. Тастөбе ауылдық округі әкімі – Нургалиев Ерлан Кәкімбайұлы баяндаманы хабарлады.

Комиссия отырысында қаралған екінші мәселе – Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының әлеуметтік көмек беру шаралары туралы. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – Жұманов Бейсен Нұржауұлы баяндама жасады.

Хабарламадағы атап өтілген  маңызды мәселелер қаралып жұмыстарды жалғастыру туралы ұсыныстары түсті. Жиын барысында қозғалған мәселелер жөнінде комиссия мүшелері сауалдарын жолдап, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Комиссия отырысының қорытындысымен аудан әкімі лауазымды тұлғаларға қызметтерін атқару кезінде заңдылықтың бұзылмауын ескерте келе сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оларды болдырмау, мемлекеттік билікке халықтың сенімін арттыру мақсатындағы жұмыстарды жандандыруды және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес қызметтерін жүргізу жөнінде тапсырма берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету мәселесіне бей-жай қарауға жол берілмеуі қажет екендігін айтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарға немқұрайлылық танытпау бағытында жауапты мамандарға бірқатар міндеттер мен тапсырмалар жүктелді.