04.10.2022 жылы 08 сағат 02 минутта Үштөбе №8 ӨСБ-не аз-ша Кравченко О. 8 777 188 80 50 ұялы телефоны арқылы, хабарлама келіп түсті, Қаратал ауданы, Байшегир ауылдық округі, демалуға және балық аулауға арналған"Қарабас" көлдер жүйесіне 29.09.2022 жылы toyota Land Cruiser автокөлігінде кеткен 7 адам тобы (оның ішінде 5 - ересек және 2 - бала) 04.10.2022 ж. дейін байланысқа шықпағаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол себептен жоғарыда аталған азамат жоғалған адамдарды табуға көмек сұрады. Қаратал ауданының ТЖ бөлімі Үштөбе қаласындағы №8 ӨСБ қызметкерлерімен бірлесіп, қарауыл бастығы Е. Дуспаев бастаған 4 қызметкер, Қаратал ауданы ТЖБ аға инженері Р. Қалигазы құрамында, іздеу шаралары ұйымдастырылды. Нәтижесінде жоғалған адамдар өздері байланысқа шықты. Ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпағандықтарын себебін, автомобильдің сынуы және ұялы байланыстың болмауымен түсіндірді. Кездесу кезінде жолға шықпас бұрын, жоғалған адамдарға арнайы құрылғылар мен ауыз су түрінде көмек көрсетілді. Демалушылар тобы Үштөбе қаласына жеткізілді және тұрғылықты жері бойынша Алматы қаласына жіберілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Құрметті азаматтар мен Қаратал ауданының тұрғындары мен қонақтары, Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі барлық демалушылардан, балықшылардан және аңшылардан, кез келген адамға барар алдында жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу үшін, жер бедерін, туыстары мен жақындарына координаттарын дәл қалдыруды сұрайды. Сондай ақ, үйден шықпас бұрын автокөліктің алыс қашықтықтағы жұмысқа қабілеттілігін тексеру, өзіңізді жылы киіммен, сумен, ұялы телефондарыңызды зарядтағышпен қамтамасыз етіңіз. Егер күтпеген жағдай орын алса "112" және " 101 " шұғыл қызметіне қоңырау шалыңыз. Өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз.
Қаратал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі