Меню

Страницы

Статья

Қарттар күні

        Қазанның бірінші күні керемет күн - Қарттар күнімен атап өтіледі. Бұл күні біз барлық туыстарымызды және жүрегімізге қымбат адамдарды — аға, дана ұрпақты құттықтағымыз келеді. Бүгін біз ата-аналарымызға, ардагерлерімізге, тәлімгерлерімізге және аға жолдастарымызға шынайы сүйіспеншілік пен шексіз құрмет көрсетеміз, оларға шыдамдылық, шын жүректен, дана кеңес беріп, қиын уақытта қолдау көрсете білгендері үшін алғыс айтамыз. Қарттарға қамқорлық жасау-әрқайсымыздың міндетіміз. Олар өздерін жалғыз сезінбеуі үшін әрқашан назар мен жылулықпен қоршалуы қажет.

         Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы аз.қорғау подполковнигі Шәріпбай А.М. жеке құраммен, сондай-ақ, бастықтың орынбасары аз.қорғау майоры М.А. Смағұлов пен Үштөбе қ. №8 ӨСБ қызметкерлері 2022 жылғы 1 қазанда Өрт сөндіру қызметінің ардагері Зубарь Лидия Васильевнаны құттықтады. Шын жүректен ұзақ жылдарға зор денсаулық, рухани тепе-теңдік, өмірге деген өшпес қызығушылық, жылулық, туыстары мен жақындарының сүйіспеншілігі мен құрметін тіледі! Жеміс-жидек себетін сыйға тартып, Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Б. Ізбасаровтың атынан Алғыс хат табыстады!

Қаратал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
27 сентября 2022
Дата обновления
27 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы