19-шы аймақ: мемлекеттік нөмір Жетісу облысында беріле бастады
Талдықорған-19-шы өңірмен белгіленген мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері Жетісу облысында беріле бастады. Автономердің алғашқы иегерлерінің бірі Талдықорғанның 35 жастағы тұрғыны Біржан Жанғабылов болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы бойынша ХҚКО баспасөз қызметі.
"Жетісу облысы еліміздің 19-шы аймағы ретінде тіркелген. Тиісінше, менің көлігіме 019 аав 19 нөмірін алдым. Осындай тарихи сәттің куәсі болғаныма қуаныштымын", - деді талдықорғандық Біржан Жанғабылов.
"Азаматтарға арналған үкімет" филиалының мәліметінше, Жетісу облысында жаңа нөмірлік белгілерді тіркеу 21 қыркүйекте басталды. Жалпы, өңірге жаңа үлгідегі 500-ге жуық мемлекеттік нөмір келіп түсті.
"Сондай - ақ, бұрын Алматы облысының 05 мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүрген облыс тұрғындары көлік құралын тіркеу ауысымына дейін ескі нөмірмен жүруді жалғастыратынын атап өткіміз келеді", - деп атап өтті Талдықорған қалалық Мамандандырылған ХҚКО бөлім бастығының міндетін атқарушы Болат Айманбетов.