Жеке кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың мемлекеттік саясатын жүгізеді. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді.
Кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға талдау жүргізу, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмекті ұйымдастыру, жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бөлімге жүктелетін өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Қаратал ауданының аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады; туристік қызметтер нарығын талдайды және уәкілетті органға аудан аумағында туризмді дамыту туралы қажетті мәліметтерді ұсынады; балалар мен жастар лагерлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдемдеседі; туристік қызмет субъектілеріне әдістемелік көмек көрсетеді және туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде консультациялық көмек; халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында туризм инфрақұрылымын құрады, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетті объектілерді салу және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды.