Меню

Страницы

Статья

Талдықорған ХҚО-да заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталығы жұмыс істеуде

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалы  кеңсесіне заңды тұлғалардан жолданған құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында,  ХҚО бөлімінде заңды тұлғалардың  өтініштерін  қабылдау орталығы жұмыс істеуде.
   «Енді заңды тұлғалар құжаттарын өткізу үшін филиалдың кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Қаладағы ХҚО-на  жүгінсе болады. Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық үкімет порталында резидент еместер үшін басшының өзгеруі, орналасқан жерінің өзгеруі базаға электрондық хабарлама негізінде, автоматтандырылған режимде енгізілмейді. Сол себепті, қаладағы  ХҚО-да өтініш қабылдау орталығында 2  оператор жұмыс істеуде.
  Атап айтқанда, заңды тұлғалардан жолданған құжаттардың келесі түрлері бойынша хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚО-ларда жүзеге асады.
1) заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
2) заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама
4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама
5) басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (т.а.ә. өзгеруі)
6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.
Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.
"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" ҚР Заңының 14-2-бабына сәйкес заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар:
1) акционерлік қоғамды, филиалды (өкілдікті) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) орналасқан жері өзгерген жағдайда;
2) басшы өзгерген (басшыны тағайындау, басшының міндетін атқарушыны тағайындау, заңды тұлғаның мүлкі мен қызметін басқарушыны тағайындау, басшыны лауазымынан шеттету);;
3) осы Заңның 14-1-бабында көзделген талаптарды қоспағанда, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады;
4) жарғылық капиталдың үлесін сенімгерлік басқаруға беру;
5) шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталын ұлғайту;
6) Экономикалық қызметтің негізгі түрінің өзгеруі;
    Заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктің) осы баптың бірінші бөлігінің 1), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тіркеу деректеріне өзгерістер мен толықтырулар осы бапта көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық хабарлама негізінде енгізіледі.

Дата публикации
29 июля 2022
Дата обновления
29 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы