Меню

Страницы

Статья

ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады

ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы мемлекеттік қызметтердің басым бөлігін қағазсыз қызметке ауыстырмақ. Ол үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында 8 қызмет бойынша қағаз түрінде берілетін қолхатты қысқартты. Жақын арада барлық мемлекеттік қызмет қолхатсыз көрсетілетін болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдиннің айтуынша, қағазсыз қызмет көрсетуге көшу бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Енді қазақстандықтарға құжаты дайын болғанда қай ХҚО-ға жүгіну керектігі және уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді. ХҚО операторына клиент қолхаттың электронды нұсқасын көрсетсе болды», - дейді Әбділдин.
Қолхат берілмейтін қызметтер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу;
2. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу;
3. Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;
4. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру;
6. Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру;
7. Жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тіркеу органы куәландырған тіркеу ісі құжаттарының көшірмелерін беру;
8. Жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру.

Дата публикации
11 мая 2022
Дата обновления
11 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы