Үштөбе қаласының "Тамас" ЖШС аумақтық өрт-тактикалық оқу-жаттығу
26.04.2022ж. Қаратал ауданында 2022 жылға арналған Үштөбе қаласының 18-ӨСБ "Алматы облысы ТЖД" ӨС және АҚЖҚ" ММ бөлімшелерінің жеке құрамының жауынгерлік дайындық жоспар-кестесіне сәйкес "өндірістік нысандардағы өрттерді сөндіру" тақырыбында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жоспарланған және өткізілді. Оқу-жаттығудың мақсаты шартты өртті сөндіру бойынша Үштөбе қаласының "Тамас ЖШС" және 18-ӨСБ іс-қимылдарына, шешуші бағытты таңдауға және өртті сөндіруді ұйымдастыруға, күштер мен құралдарды енгізу бағытына, өндірістік өрттерді жою кезінде күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыруға, сондай-ақ "шығу кестесіне" сәйкес тартылатын күштер мен құралдардың нақты уақыт шоғырлануын айқындауға өзара іс-қимыл жасау болды" жоғары өрт нөмірі бойынша.
Өндірістік объектінде шартты өртті жою бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуды өткізу үшін "Алматы облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ" ММ жедел кезекшісі азаматтық қорғау подплковник Н.Ж.Сартбаев және жедел кезекшісінің орынбасары азаматтық қорғау майор П.А.Лукьянов жеке құрамының тактикалық-арнайы және газ-түтіннен қорғау даярлығының жоспар-кестесіне сәйкес Үштөбе қ. 18-ӨСБ жеке құрамымен (Үштөбе қ. 18-ӨСБ бөлім бастығы азаматтық қорғау майоры Б.Т.Жексембаев, бастықтың орынбасары азаматтық қорғау майоры М.А.Смагулов) жұмылдырылды. Қаратал ауданы ТЖБ жеке құрамы және "Резерв" филиалы, 55078 ә/б, 102, 103, электр желісі, тіршілікпен қамтамасыз етудің өзара іс-қимыл қызметтерімен бірлесіп, Қаратал ауданы Үштөбе қаласы, Мартынова көш. Мекен жайында орналасқан "Тамас" ЖШС объектісінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.
Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі