Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қабылдау (ішкі бөлімге)

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қабылдау (ішкі бөлімге)

Академияға күндізгі оқу түріне 25 жастан аспаған, оқу жылы басталғанда 16 жасқа толған, жалпы орта, бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орта кәсіби (орта білімнен кейін) білімі бар, әскери қызметке және оқуға денсаулығы бойынша жарамды, қабылдау емтихандарын сәтті тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

Академияға қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен әзірленген ұлттық бірыңғай тестілеу (әрі қарай –ҰБТ) немесе абитуриенттің кешенді тестілеу (әрі қарай – АКТ) нәтижелері бойынша сертификат балдарына сәйкес жүзеге асырылады.

 Қазақ тілі немесе орыс тілі, физика, математика, Қазақстан тарихы, бейін пән-математика. Математика пәнінен 7 баллдан жоғары болу керек.

Физикалық дайындықтан жеке экзамен тапсырылады-100 метрге жүгіру, (өте жақсы – 14;  жақсы – 14,5; қанағаттандырарлық – 15), белтемірде тартылу (11 рет– өте жақсы; 9 рет-жақсы; 7 рет-қанағаттанарлық.), 1000 метрге жүгіру. (3,4 мин-өте жақсы , 3,5 мин- жақсы; 4 мин-қанағаттанарлық.

Күндізгі оқу түрі бойынша оқуға қабылданған тұлғалар әскери есептен шығарылып, өртке қарсы қызмет органдарының арнайы есебіне қойылады.

Академияның  бірінші және екінші, үшінші  курс курсанттарын мемлекет толығымен қамтамасыз етіледі және казармалық жағдайда болады, оларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында басшы және қатардағы қызметтен өту ережелері, оқу орнының ішкі тәртібі  және жалпы әскери жарлығы қолданылады. Үшінші және төртінші курс курсанттарына еркін өмір сүру мүмкіндігі беріледі.

Көкшетау техникалық институтының күндізгі факультетінің толық курсын бітірген тұлғалар үшін, атап айтқанда – 4 жыл оқу мерзімі мерзімді әскери қызметке теңеледі.

Күндізгі оқу факультетінің курсанттарына Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде «азаматтық қорғау лейтенанты» арнайы шені беріледі және ары қарай қызметін жалғастыру үшін академияға оқуға жолдаған облысқа жіберіледі.

Қазіргі күні Азаматтық қорғау академиясына өрт қауіпсіздігінің және төтенше жағдайлардан қорғау инженерлерін дайындайды. Өрт қауіпсіздік органдарындары мен бөлімшелерінде жұмыс істейтіндердің көбі-академияның түлектері.

Оқыту-тәрбиелеу процесі жоғары мамандандырылған профессорлық-оқытушылардан тұратын үш факультеттен –іштей, сырттай және білітілікті көтеру құралған бес кафедраның –тікелей-тактикалық пән, өрттердің алдын-алу, жалпы техникалық пән, әскери және физикалық дайындық, әлеуметтік-гуманитарлық пән және тіл бойынша дайындау кафедраларының тікелей қатысуымен сабақтар өткізіледі. Академияда ең бірінші - оқу-тәрбиелеу процесін жетілдіруге, жаңа технологияларды игеруге, оқытудың қарқынды түрі мен әдістеріне назар қойылады. Академияда курсанттардың девизі - «Құтқару  мәртебесі-адамгершіліктің белгісі».

Сондай-ақ, 15.02.2022 жылы Үштөбе қаласындағы № 51 Гимназиялық орта мектебінде түсіндіру жұмыстары барысында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің кадр саясаты басқармасының бөлім бастығымен подполковник азаматтық қорғау бөлімінің бастығы Б. Х. Қалиев, Қаратал ауданының Төиенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А.Шарипбай, Үштөбе қаласының 18-ӨСБ бастығының орынбасарымен азаматтық қорғау майоры М. Смағұловпен Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин Академиясына түсу ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді., сондай-ақ осы тақырып бойынша бейнеролик көрсетілді, 53 оқушыны қамтумен 106 дана жадынама мен брошюралар  9, 10, 11 сынып оқушылырына таратылды.

Ауданымыздың мектеп бітіруші түлектері Сіздерді академияға түсудің шарттары және оқуға түсу үшін қажетті құжаттардың тізімі туралы толық мәліметтер алу үшін  Үштөбе қаласы, Түрксіб көшесі 3,  мекен-жайларында орналасқан «азаматтық қорғау бөлімшелеріне» шақырамыз, біздің байланыс телефондарымыз: 2-26-01.

Қаратал ауданы төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
27 ноября 2025
Тип

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы