ЭЦҚ-ны қашықтан алу. Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.
1.Egov.kz порталына кіріңіз;
2. Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;
3. Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;
4.ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;
5. Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;
6,Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;
7.Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;
8.Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;
9.Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;
10.Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;
11. Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;
12.Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;
13.Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;
14.Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;
15.Сертификатты жүктеңіз.