Меню

Страницы

Статья

ЕСП

Кәсібін ресми тіркемей-ақ, базарда өз бақшасында өсірген көкөнісін сатып, жеке көлігімен жолаушы тасып немесе оқушыларға қосымша білім беріп ақша тауып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұндай адамдарды «фрилансерлер», ал мемлекет тұрғысынан «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» деп атайды. Олардың табысына салық салынбайды. Демек, кәсібі «көлеңкедегі» азаматтар керек кезінде әлеуметтік жәрдемақы ала алмайды. Бұл мәселені шешу үшін 2019 жылы Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаты үшін бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді.
БЖТ төрт төлемді біріктіреді. Олар:
1. жеке табыс салығы;
2. міндетті зейнетақы жарналары;
3. әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
4. мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар.
БЖТ төлеу арқылы азаматтарға базалық зейнетақы, медициналық қызметтер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер қолжетімді болады. Бірыңғай жиынтық төлемді ай сайын қала тұрғындары - 1 АЕК, ауыл тұрғындары - 0,5 АЕК көлемінде төлейді.
БЖТ төлеушілері жұмысшы жалдай алмайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген болуы тиіс. Сондай-ақ олардың бір жылғы табысы 1175 АЕК шегінен аспауы керек. БЖТ кез келген банктің кассасында, Қазпошта бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлеуге болады.

Дата публикации
11 ноября 2021
Дата обновления
11 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы