Қазақстанда әлеуметтік саласындағы соңғы уақытта негізінен Әлеуметтік кодекске байланысты бірқатар өзгерістер болды.
30.06.2025 ж. № 204-VIII Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу, автомобиль жолдары және мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңы қабылданды (2025 ж. 31 тамызынан бастап қолданысқа енгізіледі).
Әлеуметтік кодексінің 167-бабының 4-тармағы 2-тармақшасымен толықтырылды "Жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің автомобиль көлігі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен талаптарға сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады».
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіндегі мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету сапасын жақсартуға байланысты басқа да баптар өзгертілді және толықтырылды.
Бұл өзгерістер Халықты әлеуметтік қорғауды кеңейтуге және Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған.