Халықты әлеуметтік қорғау саласында уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес әзірленді.
Стандарт тәулік бойы уақытша тұруына (бір жылға дейін) немесе уақытша болуына (тәуліктің түнгі уақытында) арналған уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы ұйымдарда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және адам саудасының құрбандарына (қызметтерді алушылар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынуды, шығаруды, көрсетуді тоқтату және ауыстыру шарттарын айқындайды.
«Қаратал ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ
«Жанұя» отбасын қолдау орталығы» КММ