Меню

Страницы

Статья

Респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібіне өзгерістер енгізілді

2024 жылғы 6 сәуірдегі «Бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы аясында «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 12-2-бабына өзгерістер енгізілді.

Енді респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсыну кестесінде көрсетілген мерзім ішінде есеп уақтылы тапсырылмаса, профилактикалық бақылаусыз-ақ, респонденттер айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке бірден тартылатын болады.

Сондай-ақ бастапқы статистикалық деректердің дәйексіздігі анықталған жағдайда, респонденттерге статистикалық нысандарға түзетулер енгізу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Түзетулер енгізу статистикалық нысанды қайта ұсыну немесе деректердің дұрыстығын растау бойынша қосымша ақпарат беру арқылы бір жұмыс күні ішінде (бұған дейін екі күн берілген) жасалуы тиіс.

Респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді бұрыс ұсынғанын көрсететін дәлел жеткілікті болған кезде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалады.

«Бұл шаралар бастапқы статистикалық деректердің дәлдігі мен дұрыстығын қамтамасыз етуге бағытталған, бұл – мемлекеттік статистиканың тиімді жұмыс істеуінің маңызды аспектісінің бірі», – дейді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Аталған өзгерістер БАҚ беттерінде жарияланған күннен 60 күн өткен соң (2024 жылғы 8 маусымнан бастап) күшіне енетінін ескертеміз.

Біз барлық респондентті статистикалық есептерді белгіленген мерзім ішінде тапсыруға және себеп-салдарын алдын алу үшін сенімді деректерді ұсынуға шақырамыз.

 

Дата публикации
21 мая 2024
Дата обновления
21 мая 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

02 сентября 2026
Бос орындар
08 июля 2026
Бейнероликтер
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы