МӘМС жүйесінде сақтандырылған адамдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру ұсынатын медициналық көмектің кеңейтілген спектріне ие болады.
МӘМС келесі медициналық қызметтерді қамтиды:
профилактикалық медициналық тексерулер;
учаскелік дәрігердің нұсқауы бойынша арнайы маманданған дәрігердің қабылдауы және кеңес беруі;
созылмалы дертке шалдыққан жандардың бейінді мамандардың бақылауында болуы;
уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;
халықтың белгілі бір категориясына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
диагностикалық қызметтер, оның ішінде лабораториялық диагностика (УЗИ, рентген, КТ, МРТ);
мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялы, стационарлық медициналық көмек;
медициналық оңалту;
стационарда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
📌«Сақтандырылған» мәртебеңіз бола тұра, емханада медициналық көмекке жүгіну кезінде қиындықтар туындаса бірден пациенттерді қолдау қызметіне (әрбір емханада бар) немесе қордың ресми байланыс арналары арқылы өтініш қалдыра аласыз: колл-орталық 1414, Qoldau 24/7 мобильдік қосымшасы, қор филиалы: + 7 7282 55 90 06, 55 90 07, 55 90 13.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Жетісу облысы бойынша филиалы