Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Жемқорлықтың алдын бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуде.Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мемлекет саясатының қажетті және ажырамас бөлігі болып саналады. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік төзімділік" қағидатын ұстануға тиіс. Мемлекеттік қызметінде сыбайлас жемқорлықтың көріну фактілеріне жол бермеу керек. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы", "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі" Заңдарының талаптарын мүлтіксіз сақтау. Қаратал ауданы әкімдігінің мекемесінде сенім телефоны жұмыс жасайды. Қаратал ауданы әкімінің аппарат қызметшілері халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қол жетімділігі жөнінде кеңінен насихаттауда. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы болып табылады.Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Қаратал ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесін сенім телефоны - 8-72834-2-18-85
Мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы 1414
Қаратал ауданы әкімінің
аппаратының
Әдеп жөніндегі уәкілі А.Қасымжанов