🔶Қаржы пирамидалары проблемасы елімізде бұрыннан бар. Оны шешу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр: оларды құруға қарсы іс-қимыл тетіктерін жетілдіреді, қазақстандықтардың қаржылық қауіпсіздігі мен сауаттылығын арттырады, бақылау мен ақпараттандырудың жаңа форматтарын енгізеді. Компанияда қаржылық пирамидаға тән белгілердің болуын «Baiqa, piramida!» телеграм-боты арқылы тексеруге болады. Fingramota.kz медиа порталы қаржы пирамидаларының негізгі түрлері мен белгілері туралы жазды.
Толығырақ Fingramota.kz ақпараты бойынша дайындалған инфографикада